Қазақстан экономикасын жаһандану жəне жаңғырту контекстінде тұрақты даму үшін өмір сапасын жақсарту

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/be.2024.150.i4.a11
        18 7

Аннотация

Өмір сапасы – бұл халықтың әл-ауқаты мен өміріне қанағаттану деңгейін көрсететін көп қырлы ұғым. Президент Қ. Қ. Тоқаев «әрбір қазақстандықтың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында өмір сапасына тікелей әсер ететін инфрақұрылымдық сипаттағы мәселелер басты назарда болады», – деп атап өтті. Халықтың өмір сүру сапасының көрсеткіштері жүргізіліп жатқан өзгерістердің нақты әлеуметтік-экономикалық салдарын және қоғамдағы әлеуметтік шиеленіс дәрежесін бағалаудың маңызды индикаторлары болып табылады. Сондықтан мемлекет басшылығының назарында халықтың өмір сүру сапасы өзекті болып отыр.

Мақаланың мақсаты – Қазақстан үшін жаһандану мен жаңғырту жағдайында өмір сүру сапасын бағалаудың өзекті критерийлерін айқындау және жақсарту жөнінде шаралар ұсыну болып табылады.  Мақалада өмір сүру сапасын бағалаудың қолданыстағы тәсілдері мен тұрақты дамудың ұқсас тұжырымдамалары негізінде талдау жасалды. Өмір сүру сапасын арттырудың тұрақты дамуға әсері ерекше назарға ала отырып, жаһандану және экономиканы жаңғырту жағдайында өңірлердің дамуына ықпалы қарастырылады.

Бұл мақалада Қазақстан халқының экономикалық өсуі мен әл-ауқаты арасындағы өзара байланыс қарастырылады. Ол жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) динамикасын, білім беру жағдайын зерттеліп, елдегі білім беру жүйесін жақсарту шараларын ұсынады. Осы стратегияларды жүзеге асыруда мемлекеттік органдар, бизнес және жұртшылық арасындағы ынтымақтастықтың маңыздылығы көрсетілген. Стратегияларды ілгерілету және іске асыру ашық диалогты, инновациялық жобаларды әзірлеу бойынша бірлескен күш-жігерді және дамудың әлеуметтік аспектілеріне назар аударуды қажет етеді деп тұжырымдайды. Бұл күш-жігер Қазақстан халқының және жалпы өңірдің өмір сүру сапасын тұрақты және біркелкі арттыруға ықпал ететін болады.

Түйінді сөздер: өмір сапасы, факторлар, тұрақты даму, əл-ауқат, табыс.

 

Авторлардың биографисы

Р.У. Унербаева, əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан

Докторант, «Менеджмент» кафедрасының аға оқытушысы, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті (Алматы қ., Қазақстан, e-mail: rauka-87@mail.ru).

Г.Ж. Алибекова, ҚР Ғылым жəне жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің Экономика институты, Алматы қ., Қазақстан

PhD, қауымдастырылған профессор, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитетінің Экономика институты (Алматы қ., Қазақстан, e-mail: g_alibekova@mail.ru).

Я. Грабара, Яна Длугош атындағы университет , Ченстохова қ,, Польша

PhD, қауымдастырылған профессор, Ян Длугош университеті (Ченстохова қ., Польша, e-mail: janusz@grabara.eu).

Ә.Ж. Жайназар, əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан

Экономика ғылымдарының магистрі, «Менеджмент» кафедрасының аға оқытушысы, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті (Алматы қ., Қазақстан, e-mail: assetzhainazar@gmail.com).

Жүктелулер

Как цитировать

Унербаева R., Алибекова G. ., Грабара J. ., & Жайназар A. (2024). Қазақстан экономикасын жаһандану жəне жаңғырту контекстінде тұрақты даму үшін өмір сапасын жақсарту. ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы, 150(4), 147–163. https://doi.org/10.26577/be.2024.150.i4.a11