Пандемиядан кейінгі кезеңде Словения Республикасының дамуы. Агроөнеркәсіптік сектордағы Қазақстанмен экономикалық ынтымақтастық үшін мүмкіндіктер
DOI:
https://doi.org/10.26577/be.2024.150.i4.a12Аннотация
Мақалада Словенияда қазіргі кезеңде қалыптасқан экономикалық жағдай және Словенияның Азия елдерінің, соның ішінде Қазақстанның нарыққа шығу мүмкіндігі Еуропа мен Азия елдері арасындағы негізгі көпір ретінде қарастырылады.
Екі елдің импорты мен экспорты бойынша өткен жылдардың қорытындылары және экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мүмкіндіктері егжей-тегжейлі қарастырылады.
Зерттеу әдістемесі статистикалық құжаттардан алынған және кесте мен диаграмма түрінде топтастырылған эмпирикалық деректер болды, екі елдің сауда айналымдарына салыстырмалы талдау жүргізілді.
Мақалада Словениядан Қазақстанға импортталатын негізгі тауарларға сипаттама беріледі және ауыл шаруашылығы өнімдеріне ерекше назар аударылады. Авторлар жүргізген талдау Қазақстан мен Словенияның өзара сауда - экономикалық ынтымақтастығы бұл елдерді экономикалық тұрғыдан едәуір нығайтуға, жаңа логистикалық тізбектер құруға, жаңа технологиялар алуға қабілетті екенін көрсетті, бұл сайып келгенде ауыл шаруашылығында ғана емес, экономиканың басқа секторларында да мультипликативтік әсерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Жүргізілген зерттеудің құндылығы екі елдің пандемиядан кейінгі өзара сауда айналымының егжей-тегжейлі және құрделі салыстырмалы сипаттамасында жатыр және Қазақстан экономикасы үшін дамудың перспективалық бағыттары көрсетілген.