Сыртқы ортаның құбылмалылығы шарттарында елдің азық-түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесін зерттеу: библиометриялық талдау
DOI:
https://doi.org/10.26577/be.2023.v145.i3.05Аннотация
Қазіргі уақытта, әсіресе құбылмалылық және анықталмағандық шарттарында азык-түліктік қауіпсіздік және елдің азық-түліктік тәуелсіздігі мәселелерінің өзектілігі арта түсуде және бұл мәселе кез-келген мемлекет немесе жеке аймақтардың орнықты дамуының негізгі шарттарының бірі болып келеді. Осылайша, азық-түліктік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі мемлекеттік деңгейде болсын, жаһандық деңгейде болсын әрдайым басым бағыттардың қатарындағы өткір мәселелердің бірі.Мақалада Covid-2019 пандемиясы және оның салдарлары, әлемнің түкпір-түкпіріндегі орын алып жатқан шиеленістер және жалпы сыртқы ортаның құбылмалылығы және күрделілігі шарттарында елдің азық-түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі қарастырылады. Зерттеліп отырған мәселе шетелдік және отандық ғалымдардың еңбектерінде кеңінен қарастырылған. Ғылыми жұмыстарда қолданылған негізгі әдістемелер мен ұғымдар айқындалған, сонымен қатар зерттеулердің салыстырмалы сипаттамалары талданған. Мақалада азық-түліктік қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы зерттеулердің қалыптасу бағыттары қарастырылады. Аталған тақырып ғалымдардың зерттеулеріне кеңінен көрініс тапты. Зерттеу библиометриялық талдаудың әдістері мен құралдарын қолдануға негізделген (R-package Bibliometrix): таңдамаға Scopus дерекқор базасындағы 681 ғылыми еңбек іріктеліп алынды; талдау азық-түліктік қауіпсіздік мәселесі бойынша жасалып жатқан зерттеулердің бағытын, даму деңгейін талдауға мүмкіндік береді.
Түйін сөздер: азық-түліктік қауіпсіздік, сыртқы ортаның құбылмалылығы, әдебиеттерге шолу, библиометриялық талдау,