Шығармашылық кәсіпкерліктің қиындықтарын анықтау: Қазақстанның шағын және орта бизнесінің көзқарасы

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/be.2023.v144.i2.08
        152 162

Аннотация

Шығармашылық кәсіпкерлік - соңғы жылдары көбірек назар аударылып келе жатқан жаңа сала. Қазақстанда шығармашылық секторда жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпорындар (ШОБ) санының өсуі байқалды. Дегенмен, бұл кәсіпорындар толыққанды өсуі мен тұрақты дамуына кедергі келтіретін көптеген қиындықтарға тап болады. Бұл мақала Қазақстандағы креативті кәсіпкерліктің жалпы көрінісі мен денгейін талдап қарастырамыз және шығармашылық ШОБ шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіретін ортақ қиындықтарды анықтаймыз. Біз сондай-ақ осы кедергілерді еңсеру мүмкіндіктерді мен жолдарын қарастырып және шығармашылық кәсіпкерлікте табысқа жету стратегияларын талқылаймыз. Қазақстандағы ШОБ субъектілері туралы ақпараттарды талдау арқылы біз болашақ кәсіпкерлерге құнды бағыт-бағдар беріп, аймақтағы креативті индустрияның дамуына үлес қосамыз деп үміттенеміз. Қазақстандағы креативті салалардағы кәсіпкерлердің алдында тұрған қиындықтарды зерттеу үшін біз осы секторда жұмыс істейтін 70 шағын және орта кәсіпорын (ШОБ) іріктемесінің деректерін жинадық. Біздің зерттеуіміз Қазақстандағы креативті экономиканың өсуі мен дамуын қолдау жөніндегі саясат пен стратегияларды негіздеу үшін осы ШОБ субъектілерінің қиындықтары туралы ақпарат алуды мақсат етті. Осылайша шығармашылық кәсіпкерліктің дамуының стратегиясын жүзеге асырудың нақты тетіктерін ұсынуға болады.

Түйін сөздер: шығармашылық салалар, кәсіпкерлік, бизнес, менеджмент

Жүктелулер

Как цитировать

Issakhova, D., & Jumasseitova, A. K. (2023). Шығармашылық кәсіпкерліктің қиындықтарын анықтау: Қазақстанның шағын және орта бизнесінің көзқарасы. ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы, 144(2), 75–83. https://doi.org/10.26577/be.2023.v144.i2.08