Қазақстан еңбек нарығындағы гендерлік теңсіздік деңгейін талдау

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/be.2023.v144.i2.02
        301 418

Аннотация

Бұл зерттеудің мақсаты Covid-19 пандемиясына дейін және одан кейінгі Қазақстанның еңбек нарығындағы гендерлік айырмашылықтар деңгейін бағалау болып табылады. Зерттеудің өзектілігі еңбек нарығында гендерлік айырмашылықтар мен гендерлік кемсітушіліктің пайда болу себептерін зерттеу қажеттілігімен, сондай-ақ гендерлік саясатты жетілдіру жөніндегі шараларды әзірлеудің маңыздылығымен қамтамасыз етіледі. Зерттеу жұмысында әйелдердің әлеуетін экономикалық даму мақсатында пайдалану үшін еңбек нарығындағы әйелдердің мүмкіндіктері мен құқықтары туралы мәселе көтеріледі. Әдеби шолудың нәтижесі бойынша гендерлік мәселелерді зерттеуде дәйекті нәтижені алуда әр түрлі тәсілдер қолданылатыны анықталды, соның ішінде  әлеуемттік зерттеулердің тәсілі әртүрлі жұмыстар арасында ерекше орын алатынын көрсетті. Бұл зерттеу статистикалық деректерді жүйелеу және топтастыру сияқты кешенді тәсілдерге негізделген. Статистика 2018-2021 жылдарға Ұлттық статистика бюросынан гендерлік бөліністе алынды. Әзірленген әдістемелік құралдар еңбекақыдағы гендерлік алшақтықты талдау бойынша сенімді және формальды талдау жүргізуге және еңбекақыдағы гендерлік айырмашылықтардың негізгі детеминанттарын анықтауға мүмкіндік береді. Ұсынылған индикаторлар аймақтық деңгейде көрсеткіштерді талдаудың қол жетімділігі мен мүмкіндігімен ерекшеленеді. Зерттеу нәтижелері гендерлік тұрғыдан еңбек нарығының қазіргі жағдайын көрсетті және әйелдер еңбегі ерлер еңбегіне қарағанда аз сұранысқа ие және  құндылығы аз екендігі анықталды. Зерттеу нәтижелері әйелдердің еңбек нарығындағы мүмкіндіктерін кеңейту саласындағы тиімді саясатты жүзеге асырудың ғылыми негіздемесі бола алады.

Жүктелулер

Как цитировать

Kireyeva, A. A., Kangalakova, D. M., & Nurgaliyeva, K. (2023). Қазақстан еңбек нарығындағы гендерлік теңсіздік деңгейін талдау. ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы, 144(2), 14–24. https://doi.org/10.26577/be.2023.v144.i2.02