Құрылыс саласы ұйымдарында кезең шығындарын есептеудің ерекшеліктері

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/be.2023.v144.i2.03
        102 150

Аннотация

Мақалада құрылыс саласындағы кезең шығындарының есебін жүргізудегі ерекшеліктер қаралған. Кез-келген салынған құрылыс объектісінің жақсы болуы, оның сапасының белгіленген стандарттарға сәйкес келуі осы құрылысты салуға пайдаланылған құрылыс материалдарына тікелей байланысты. Құрылыс саласы қызметінің тиімділігін арттыру үшін құрылыс өндірісіне жұмсалған шығындар туралы шынайы ақпараттарды уақыттылы алудың маңызы өте зор. Шығындар туралы ақпарат негізінде ұйымның ағымдағы қиындықтары мен ұйымдастырушылық-техникалық мәселелері шешіліп, реттеледі және көптеген стратегиялық бағыттағы басқару шешімдері қабылданады. Шығындар есебі өндірілген өнімнің, көрсетілген қызметтің нақты өзіндік құнын дәл есептеумен шектелмейді, ол сонымен қатар ұйымныңнарықта бәсекеге қабілетті болуына мүмкіндік береді. Кезең шығыстары есебін зерттеу нәтижесі ұйымдағы басқару жүйесін жасқартуға әсер ететіндігін аңғартты. Өндірістік есептің жаңа жүйесінің басты айырмашылығы – ұйымның жанама шығындарын үстеме және кезең шығындарына бөлумен байланысты. Үстеме шығындар негізгі өндіріске қызмет көрсетумен байланысты туындайды және олар басқару есебі жүйесінде өнімнің өзіндік құнына енгізіледі, ал кезең шығыстары қаржылық есеп жүйесінде есепке алынады, олар өнімнің өзіндік құнының құрамына кірмейді. Осылайша, құрылыс ұйымдарының үстеме шығындарының құрамынан кезең шығыстарын ажырату мәселесі туындайды. Сондықтан, бүгінгі таңда ұйымдағы құрылыс сапасын арттырып, ондағы тиімділікті жоғарылату барысында кезең шығыстарының алатын орны ерекше.

Түйін сөздер: жалпы және әкімшілік шығыстар,  жанама шығындар, үстеме шығындар, кезең шығыстары, қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары

Жүктелулер

Как цитировать

Kudaibergenov, N., Baidauletov, M., Arystambaуeva A., & Akimbaуeva K. T. (2023). Құрылыс саласы ұйымдарында кезең шығындарын есептеудің ерекшеліктері. ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы, 144(2), 25–34. https://doi.org/10.26577/be.2023.v144.i2.03