Маңғыстау облысында аймақтық туризмнің дамуына факторлық талдау

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/be.2023.v143.i1.06
        220 235

Аннотация

Аймақтық туризмді қалыптастыру мен дамытудың заманауи тәжірибесі дестинацияларды жетілдірудің дәстүрлі әдістері мен құралдарын қайта қарауды және оның нәтижесінде болып жатқан процестерді теориялық тұрғыдан түсінуді талап етеді, сондай-ақ аймақтық туризмнің тартымдылығын арттыру жолында туристік өнімдерді әзірлеуді қажет етеді. Мемлекет ең алдымен туристік ағынды тартудың әлеуеті жоғары перспективалы аймақтарға назар аудара отырып, белгі бір туристік аймақтарды дамытуда. Осы өңірлердің бірі ретінде бүгінде еліміздің ең үздік 10 туристік бағытының қатарына енген Маңғыстау облысы танылады. Бұл зерттеудің мақсаты Маңғыстаудағы туристік саланың дамуына факторлық және салыстырмалы талдау жүргізу, сонымен қатар облыстың туристік өнімін қалыптастыру және дамыту бағыттарын теориялық және әдістемелік тұрғыдан негіздеу болып табылады.

Зерттеу барысында келесі ғылыми әдістер қолданылды: мазмұнды талдау, статистикалық деректерді жинау және PEST-талдау. Талдау нәтижесінде облыстың туризм саласын дамытудағы мәселелері анықталып, олардың туристік демалыстың жекелеген секторларына әсер етудің негізгі факторлары айқындалды және мәселелердің шешілу жолдары мен аймақтық туристік өнімнің тартымдылығын арттыру бойынша ұсыныстары берілді. Аталғандардың барлығы мақаланың қорытынды бөлімінде көрсетіліп, зерттеудің құндылығы болып табылады. Факторлық талдау нәтижелері бойынша авторлар визуалды диаграмманы әзірлеп, әрбір фактордың циклі белгілі бір секторға әсер ету нүктесін көрсетеді.

Мақалада ұсынылатын шаралар, ең алдымен, ішкі және халықаралық нарықта өзіндік тартымдылығын унификациялау арқылы туристік ағынды ұлғайтуға бағытталған ғылыми базаны қалыптастыру болып табылады. Аталмыш зерттеулер облыстың туризм индустриясын одан әрі жетілдіру мен дамыту бойынша жергілікті атқарушы органдардың басқару шешімдерін жасауда өз септігін тигізеді.

Түйін сөздер: туризм, талдау, аймақтық туристік өнім, Маңғыстау облысы, туризм индустриясы.

Жүктелулер

Как цитировать

Bekmurzayeva, Z. A., & Uruzbayeva, N. A. (2023). Маңғыстау облысында аймақтық туризмнің дамуына факторлық талдау. ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы, 143(1), 68–82. https://doi.org/10.26577/be.2023.v143.i1.06