Қазақстандағы бұқаралық спортты дамытудағы спорт нысандарының рөлі: статистикалық талдау

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/be.2022.v142.i4.012
        238 256

Аннотация

Спорт нысандарының саны мен қолжетімділігі Қазақстанда бұқаралық спортты дамытуға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға айтарлықтай әсер етеді. Осыған байланысты бұл зерттеудің мақсаты Қазақстандағы спорт инфрақұрылымының қазіргі жағдайын талдау болып табылады. Статистикалық деректер негізінде спорттық ғимараттармен және құрылыстармен жабдықтауға өңіраралық талдау жүргізілді, Қазақстанның спорт инфрақұрылымын дамыту бойынша ұсыныстар берілді. Бұл зерттеудің құндылығы оның нәтижелерін Қазақстандағы бұқаралық спорт пен спорт инфрақұрылымының даму динамикасын бағалайтын келешек зерттеулерде пайдалануға болатынында.

Бұл жұмыста Қазақстанның спорттық инфрақұрылымының даму ерекшеліктері қарастырылып, Қазақстанның жекелеген аймақтарындағы спорт нысандарының желісін кеңейту негіздемесі келтіріледі. Талдау спорт нысандарының санына, спортпен жүйелі түрде айналысатын адамдар санына, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың спорт нысандарын дамытуға арналған бюджеттік шығындарына негізделеді.

Мақала Қазақстан Республикасында бұқаралық спорт пен спорт саласын дамыту мәселелерімен айналысатын зерттеушілерге қызығушылық тудырады.

 Түйін сөздер: спорт инфрақұрылымы, спорт ғимараттарының классификациясы, спорт нысанының біржолғы сыйымдылығы, жүйелі түрде спортпен шұғылдану, спорттық ғимараттарды дамытуға жұмсалатын шығындар.

Жүктелулер

Как цитировать

Tyo, Y., & Nikitinsky, Y. S. (2022). Қазақстандағы бұқаралық спортты дамытудағы спорт нысандарының рөлі: статистикалық талдау. ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы, 142(4), 135–147. https://doi.org/10.26577/be.2022.v142.i4.012