Қазақстан республикасының квазимемлекеттік секторлы компаниядағы корпоративтік әлеуметтік жауапкершілікті басқару үлгісі

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/be.2022.v142.i4.06
        115 117

Аннотация

Мақалада авторлар экономиканың квазимемлекеттік секторы компаниясында корпоративтік әлеуметтік жауапкершілікті (КӘЖ) басқарудағы адами факторын негіздейді.

Зерттеудің мақсаты: квазимемлекеттік сектордағы компаниядағы КӘЖ менеджментінің сапасы мен КӘЖ менеджерлерінің құзыреттерінің құрылымы арасындағы заңдылықтарды анықтау.

Іс жүзінде КӘЖ тиімділігі сыртқы және ішкі орта факторларына байланысты болатын жобалар (бағдарламалар, бастамалар) форматында іске асырылады. Ең маңыздыларының бірі КӘЖ жобаларына қатысатын персоналдың құзыреттілігі мен тартылуында көрінетін адами фактор болып табылады. Алайда КӘЖ жобаларының тиімділігіне адам факторының әсері аз зерттелген күйінде қалып отыр. Зерттеу осы олқылықтың орнын толтыруға бағытталған. Сондықтан аталған жұмыс тақырыбы аса өзекті. КӘЖ (research gap) қатысты менеджерлердің құзыреттері туралы мәселе ашық күйінде қалып отыр. Яғни, КӘЖ дамытатын менеджерлердің қандай құзыреттері болуы керек деген мәселе пысықталуы тиіс.

КӘЖ менеджменті міндеттерін орындау үшін BSC-метрика форматында КӘЖ менеджментінің сапасын бағалау моделі әзірленді. Квазимемлекеттік сектордағы компанияның КӘЖ жобалары мысалында КӘЖ менеджментінің құзыретіне талдау жасалды. КӘЖ менеджменті міндеттерінің орындалу дәрежесі мен КӘЖ менеджментінің барлық маңызды құзыреттерінің сомасы бойынша орташа балл арасындағы корреляциялық талдау жүргізілді.

Зерттеудің құндылығы КӘЖ менеджментінің міндеттерін орындау дәрежесі мен жауапты КӘЖ менеджментінің құзыреттері арасында тығыз тікелей байланыс орнатылған. Бұл КӘЖ жобаларын басқарудың қолданбалы мәселелерін шешу үшін қолданылуы мүмкін.

Түйінді сөздер: квазимемлекеттік сектор, корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік, корпоративтік әлеуметтік жауапкершілікті басқару, корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік қағидаттары, КӘЖ-менеджер, КӘЖ-менеджердің құзыреті.

Жүктелулер

Как цитировать

Bekenov N. О., & Dossova, S. N. (2022). Қазақстан республикасының квазимемлекеттік секторлы компаниядағы корпоративтік әлеуметтік жауапкершілікті басқару үлгісі. ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы, 142(4), 69–82. https://doi.org/10.26577/be.2022.v142.i4.06