Микроқаржыландыру Қазақстан экономикасының дағдарыстан кейінгі кезеңінде халықтың тұрмыс деңгейін арттыру құралы ретінде

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/be.2022.v141.i3.06
        108 117

Аннотация

Осы мақала микроқаржыландырудың экономикалық және қаржылық дамуды қоса алғанда,
макроэкономикалық көрсеткіштерге әсері туралы зерттеулер сериясын жалғастырады. Азия даму
банкі атап өткендей, микроқаржыландыру тұтынушылық белсенділік, өндіріс және кәсіпкерлік
деңгейін арттыра отырып халықтың кедей топтарына қаржылық қызмет көрсетеді, осылайша
әсіресе дағдарыстан кейінгі кезеңдерде экономиканың дамуына айтарлықтай үлес қосады.
Дамыған және дамушы елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, тұрақты экономикалық
өсу шағын және орта бизнестің белсенділігіне тікелей тәуелді, себебі солардың арқасында
халықтың кәсіпкерлік белсенділігі ынталандырылады және жаңа жұмыс орындары құрылады.
Алайда, қаржыландыруға деген қолжетімділік ШОБ кәсіпорындарын құру және оларды дамыту
жолындағы маңызды кедергілердің бірі болып табылады.
Бұл мақаланың мақсаты Қазақстан экономикасының даму индикаторы ретінде Адами даму
индексіне шағын және орта бизнесті микроқаржы ұйымдары арқылы да, банктер арқылы да
қаржыландырудың әсерін талдау болып табылады. Бұл индекс экономикалық өсуді ғана емес,
сонымен қатар адамдардың өмір сүру сапасын да ескеретін ел дамуының әлдеқайда кешенді
көрсеткіші болып табылады. Сондай-ақ, мақалада ШОБ-ты қаржыландыру мен төменгі
күнкөріс деңгейінен табысы төмен халық үлесінің өзара байланысы қарастырылады. Осылайша,
микроқаржыландырудың халықтың кедей топтарына тар бағыттылығын ескере отырып, бірқатар
зерттеулер бұл сектор кедей халықтың деңгейін төмендетуге ықпал ететінін анықтады.
Ағымдағы зерттеуді жүргізу үшін көптік сызықтық регрессияның екі моделі жасалды.
Нәтижелерді талдау ШОБ-ты несиелеу Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына
оң әсерін тигізетінін көрсетіп отыр. Алайда, сонымен бірге нәтижелер кедей халықтың үлесі
өскен сайын банктік несиелеу деңгейінің төмендейтінін, ал МҚҰ тарапынан несиелеу деңгейі
артатынын көрсетті. Осылайша, кәсіпкерлердің төлемқабілеттілігінің төмендеуіне қарамастан,
МҚҰ Қазақстан экономикасына несие беруді жалғастыруда, бұл микроқаржыландыру
тұжырымдамасына толық сай келеді. Осылайша, МҚҰ-ны елдің қаржы жүйесіне толық қосу,
сондай-ақ осы ұйымдар көрсететін қаржылық қызметтерді кеңейту қажеттілігі байқалуда.
Түйін сөздер: микроқаржыландыру, микроқаржы ұйымдары, кәсіпкерлік, шағын және орта
бизнес (ШОБ), несие беру, адами даму индексі (АДИ), кедейлік индексі.

Жүктелулер

Как цитировать

Krupina, Y., & Selezneva, I. (2022). Микроқаржыландыру Қазақстан экономикасының дағдарыстан кейінгі кезеңінде халықтың тұрмыс деңгейін арттыру құралы ретінде. ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы, 141(3), 64–74. https://doi.org/10.26577/be.2022.v141.i3.06