Қазақстанның инновациялық даму жағдайын талдау мен бағалау

Авторлар

  • D. Baxultanov Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан, Астана қ.
  • N. Kurmanov Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан, Астана қ.
  • M. Kerimkulova Ж. Баласағын атындағы Қырғыз ұлттық университеті, Қырғызстан, Бішкек қ.
  • N. Syrlybayeva Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

DOI:

https://doi.org/10.26577/be.2022.v141.i3.13
        315 207

Аннотация

Мақалада инновациялар статистика көрсеткіштеріне талдау жасалынып, Қазақстанның
инновациялық және ғылыми-техникалық әлеуетінің даму деңгейіне баға берілді. Мақаланың
мақсаты – мемлекеттік органдардың статистикалық мәліметтері мен халықаралық рейтингтік
агенттіктердің деректері негізінде Қазақстанның инновациялық әлеуетін бағалау және талдау.
Салыстырмалы талдау үшін ҚР ҰЭМ Ұлттық статистика бюросының 2011-2020 жылдардағы
«ҚР-дағы кәсіпорындардың инновациялық қызметі туралы», «ҚР-дағы ғылыми-зерттеу және
тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың негізгі көрсеткіштері» жыл сайынғы бюллетеньдерінің
ресми мәліметтері, сондай-ақ Қазақстан Дүниежүзілік экономикалық форумның бәсекеге
қабілеттілік жаһандық индексінің жыл сайынғы жария етілетін есептері қолданылды.
Мемлекеттің бәсекелестілігіне әсерін тигізетін негізгі факторлардың бірі болып
инновацияларды ынталандыру мен қолдау үшін экожүйені құрайтын инновациялық әлеует
болып табылады. Бұл ретте келесі шарттар қажет: ҒЗТКЖ-ға жеткілікті инвестициялар; жаңа
технологияларды құру үшін қажетті жаңа білімдерді тудыратын жоғары сапалы ғылыми-зерттеу
мекемелердің болуы; ҒЗТКЖ саласында университеттер мен өнеркәсіп арасында ауқымды
ынтымақтастық және зияткерлік меншікті қорғау. Зерттеу барысында өткізілген талдаудың
нәтижесінде Қазақстанның инновациялық әлеуетінің толыққанды дамуы үшін ҒЗТКЖ мен
инновациялық қызметті жеткіліксіз қаржыландыру, компаниялар арасындағы инновациялық
белсенділіктің және ғылыми-зерттеу институттар сапасының төмен деңгейі секілді факторлар
кері әсерін тигізеді.
ДЭФ БЖИ халықаралық рейтингісінің индикаторлары мен ҒЗТКЖ мен инновациялар
саласындағы қолданыста бар отандық көрсеткіштерді салыстыру нәтижесінде, соның ішінде
бағалау әдістемесі мен компания басшылары сауалнамасы сұрақтарын талдау, отандық
статистикада кластерлерді дамыту, ғылыми-зерттеу институттарының сапасы, білгір сатып
алушылар мен мақалалардың дәйексөздері секілді индикаторлар бойынша есеп жүргізуді
ұйымдастыру қажеттілігін көрсетті.
Бұдан басқа, жұмыста елдің бәсекеге қабілеттілігін неғұрлым объективті бағалау үшін,
сондай-ақ инновациялық саясатты әзірлеу үшін, басқа да баламалы әлемдік рейтингтердің
нәтижелерін, атап айтқанда, жаһандық инновациялар индексінің (Global Innovation Index) және
халықаралық басқарушылық даму институтының әлемдік бәсекеге қабілеттілік (IMD World Competitiveness
Yearbook-IMD WCY) рейтингінің нәтижелерін пайдалану орынды екені атап өтілді.
Түйін сөздер: инновациялар, инновациялық әлеует, ғылымды қажет ететін экономика,
инновациялық белсенділік, бәсекелестік индексі.

Жүктелулер

Как цитировать

Baxultanov, D., Kurmanov, N., Kerimkulova, M., & Syrlybayeva, N. (2022). Қазақстанның инновациялық даму жағдайын талдау мен бағалау. ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы, 141(3), 138–150. https://doi.org/10.26577/be.2022.v141.i3.13