Қазақстан өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық дамуының теңсіздігін еңсеру жолдары
DOI:
https://doi.org/10.26577/be.2021.v138.i4.09Аннотация
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы өңірлері арасында едәуір өңірішілік әлеуметтік-
экономикалық дифференциация жағдайы сақталып отыр. Өңірлердің әлеуметтік-экономикалық
дамуындағы теңсіздік, бұл әлеуметтік-экономикалық саясатты жүргізуге, ел экономикасының
тиімділігіне, елдің тұрақты дамуына айтарлықтай кедергісін келтіреді. Өңірлердің әлеуметтік-
экономикалық ассиметриясының қалыптасқан мәселелерін шешу әлеуметтік-экономикалық
кеңістікті басқаруда жүйелі тәсілді қалыптастыру мен қолданудан, өңірлік саясаттың заманауи
құралдарын қолданудан, жеке инвестициялық ресурстарды шоғырландыру негізінде өңірлік
нарықты реттеу жүйесін құрудан тұрады, бұл бүкіл ел бойынша, сол сияқты жекелеген өңірлер
ішінде аумақтардың ассиметриясын тегістеуге мүмкіндік береді. Осыған байланысты аумақтарды
өңірішілік саралау ауқымын қысқартуға қабілетті аумақтық дамудың өңірлік саясатын жетілдіру
қажеттілігі туындайды. Салдары проблемалық аумақтардың пайда болуына әкелетін, өңірлердің
теңсіздігінің күшеюінің алдын алу, дифференциациясын бағалау және оны төмендету бағыттарын
ұсыну мақаланың мақсаты болып табылады.
Мақалада өңірлердің әлеуметтік-экономикалық теңсіздік мәселелері талданады, өңірлер
даму деңгейлері бойынша топтастырылады, мемлекеттің өңірлік саясатын жетілдіру шаралары
ұсынылады.
Теңсіздік мәселелерін зерттеу үшін жүйелік талдау әдістемесі, салыстырмалы талдау
әдістері, статистикалық әдістер қолданылды. Зерттеудің эмпирикалық базасын Қазақстан
Республикасының Ұлттық статистика бюросының деректері құрады.
Түйін сөздeр: өңір, әлeумeттік-экономикaлық дамудағы тeңсіздік, диффeрeнциaция, жaлпы
өңірлік өнім, өңірдің әлeумeттік-экономикaлық дамуы.