Пандемия жағдайында қонақ үй бизнесіндегі жобалық басқару мәселелері

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/be.2021.v137.i3.05
        105 102

Аннотация

Жобалық басқару – компанияның тұрақты дамуының алғышарты. Пандемия жағдайында
қонақжайлылық индустриясы үлкен зиянға ұшырап, қонақ үйлер дағдарысқа қарсы саясаттарын
жасауда жекелеген жобаларды тиімді жүзеге асыруды қолға алуда.
Жобаларды басқару бизнесте мақсатқа қол жеткізу құралы ғана емес, компанияның
стратегиялық дамуының тетігі болып табылады. Себебі, кез келген салада стратегиялық
мақсаттарға қол жеткізу жекелеген жобаларды тиімді жүзеге асырумен байланысты.
Бұл зерттеудің мақсаты – пандемия жағдайында қонақ үй бизнесінің дағдарыстан шығу
шараларының бір бағыты ретіндегі жобалық басқарудың маңыздылығын негіздеп, қазақстандық
қонақ үйлердің қызметіндегі жобаларды басқару құралдарының қолданылу тәжірибесін,
жобалық басқарудың кемелдену деңгейін анықтау. Мақалада Қазақстан Республикасы оңтүстік
аймақтарының қонақ үйлерінің қызметі қарастырылған. Зерттеу нәтижелері қонақ үйлердегі
жобаларды басқарудың тәжірибесі әлі қалыптаспағандығын көрсетті, сәйкесінше тәуекел
жағдайында жүзеге асып жатқан жобалардың сәттілігіне нұқсан келеді, сол себепті жобаларды
басқарудың кемелдену моделін бағалау құралы ретінде енгізу қажеттілігі туындайды. Қонақ үй
қызметіндегі ең көп қолданылатын құрал таңғы жиналыстар мен кеңестер өткізу болса, азырақ
қолданылатыны тәуекелдерді айқындау болған, сонымен қатар жоспарлау үрдісі топтарының
құралдары бұл салада аса маңыздылыққа ие болған. Іріктеліп алынған құралдар жиынтығы жо-
баларды басқару үрдістерінің топтарына біріктіріліп, қонақжайлылық саласына тән жобаларды
басқару тәжірибесі ұсынылған.
Түйін сөздер: жобалық басқару, қонақ үй бизнесі, пандемия.

Жүктелулер

Как цитировать

Turginbayeva, A., & Zhakupbekova, G. (2021). Пандемия жағдайында қонақ үй бизнесіндегі жобалық басқару мәселелері. ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы, 137(3), 47–57. https://doi.org/10.26577/be.2021.v137.i3.05