Қазақстанда сыртқы тікелей инвестиция мен экономикалық өсу арасындағы қарым-катынастарды талдау

Авторлар

  • A. Syzdykova Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті, Қазақстан, Түркістан қ. http://orcid.org/0000-0002-1377-0026
  • G. Azretbergenova Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті, Қазақстан, Түркістан қ. http://orcid.org/0000-0002-9070-7055

DOI:

https://doi.org/10.26577/be.2021.v136.i2.08
        112 161

Аннотация

Дамушы елдер үшін шетелдік инвестициялардан күтілетін ең маңызды үлес – бұл елдің
коммерциялық тепе-теңдігі мен экономикалық өсуін қамтамасыз етуге көмектеседі. Шетелдік
инвестициялар мен экономикалық өсу арасындағы байланысты зерттейтін эмпирикалық
зерттеулер капиталдың қозғалысы кейбір дамушы елдерде экономикалық өсудің жоғары
қарқынына әкелгенін, сонымен қатар кейбір елдерде экономикалық дағдарыстарға жол
ашқанын көрсетті. Қазақстан тәуелсіздігін жариялағаннан кейін, экономикалық өсу үшін сырттан
инвестиция тартуға міндетті болды. Осы зерттеулер арқылы Қазақстанның экономикалық өсуіне
тікелей шетелдік инвестициялардың әсерін анықтауға оны зерделеу жұмыстары жасалды. Осы
мақсатта 2005-2020 жылдар кезеңінде ЖІӨ, негізгі капиталдың жалпы жинақталуы, мемлекеттік
шығыстар, ашықтық және шетелдік инвестициялар бойынша тоқсан сайынғы деректер негізінде
халықаралық шетелдік инвестициялар мен Қазақстандағы экономикалық өсу арасындағы өзара
байланыс сипатталды. Толықтырылған Дикки-Фуллер (ADF) бірлік түбірлік тесті, Грейнджердің
себептілік тестімен талдау, VAR талдау сияқты әдістер қолданылды. Грейнджердің себеп-салдарлық
сынағының нәтижелеріне сәйкес, Грейнджер мағынасында Қазақстан экономикасының өсуіне
оң ықпал ететін бағыт ашықтық болып табылады. Сонымен қатар, шетелдік инвестициялардың
экономикалық өсуге әсер ету мысалдары себеп-салдар тестінде табылған жоқ. Екінші жағынан,
шетелдік инвестициялардың экономикалық өсуге статистикалық маңызды әсері байқалмады.
Түйін сөздер: тікелей шетелдік инвестициялар, экономикалық өсу, Қазақстан экономикасы,
VAR-талдау, Грейнджердің себеп-салдарлық байланысы.

Жүктелулер

Как цитировать

Syzdykova, A., & Azretbergenova, G. (2021). Қазақстанда сыртқы тікелей инвестиция мен экономикалық өсу арасындағы қарым-катынастарды талдау. ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы, 136(2), 72–84. https://doi.org/10.26577/be.2021.v136.i2.08