Кәсіпкерлікті дамытуды мемлекеттік қолдау: мемлекетаралық салыстырмалы талдау

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/be.2021.v136.i2.04
        94 88

Аннотация

Кәсіпкерлікті экономикалық өсудің негізгі көздерінің бірі ретінде қарастыруға болады. Ұлттық экономика үшін аса маңызды болып саналатын кәсіпкерлікті қолдау шаралары бүкіл әлем бойынша саясаткерлердің назарында. Бұл зерттеудің мақсаты әлем елдеріндегі кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау саясатын қарастыру және кірісі әр түрлі 30 елдің тәжірибесін салыстыру болып табылады. Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларының кірістер деңгейіне және басқа елдер үшін пайдалы болатын қорытындыларға байланысты ерекшеліктері туралы екі зерттеу сұрағы көтерілді. Зерттелетін елдерді таңдауда Дүниежүзілік банктің кірістер деңгейі бойынша елдердің жіктемесі қолданылды – кірісі жоғары, орта және төмен елдер. Ғылыми зерттеудің эмпирикалық әдісі ретінде салыстырмалы талдау әдісі таңдалды, оған қоса контент- анализ, синтез, жүйелеу және жалпылау әдістері қолданылды. Зерттеу нәтижелері әр таңдалған топтың ерекшеліктерін көрсетеді, бұл дамушы және нашар дамыған елдер үшін ұсыныстар жасауға мүмкіндік береді. Осы мақалада сипатталған шетелдік тәжірибе әртүрлі елдердегі қолданыстағы тәжірибелерді жүйелеуге, болашақтағы зерттеулер үшін қолдануға болатын жалпы заңдылықтарды зерттеуге, тиімді мемлекеттік саясатты әзірлеуге негіз құруға және кәсіпкерлікті дамытудың озық тәжірибелері туралы ақпарат таратуға көмектеседі.

Түйін сөздер: кәсіпкерлік, мемлекеттік қолдау, мемлекетаралық талдау, салыстырмалы зерттеу.

Жүктелулер

Как цитировать

Zhidebekkyzy, A., & Mir Zada, I. (2021). Кәсіпкерлікті дамытуды мемлекеттік қолдау: мемлекетаралық салыстырмалы талдау. ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы, 136(2), 32–42. https://doi.org/10.26577/be.2021.v136.i2.04