Тәуелсіздіктің үш онжылдығындағы Қазақстанның экономикалық трансформациясы

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/be.2021.v136.i2.01
        81 572

Аннотация

Мақалада Қазақстан экономикасының тәуелсіздік жылдарындағы трансформация жолы
қарастырылады және оның дамуындағы сыни нүктелер атап өтіледі. Тәуелсіз мемлекет рөліндегі
алғашқы қадамдардан бастап қазіргі пандемияға дейінгі кезеңдерге талдау жүргізілді. Ол Қазақстан бойынша халықаралық ұйымдардың зерттеулеріне, стратегиялық даму жоспарлары-
на, Ел Президентінің жолдауларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау
және реформалар жөніндегі агенттігінің ұлттық статистика бюросының статистикалық
деректеріне сүйенеді. Елдің дамуындағы бетбұрыс нүктелері көрсетілген: бұрынғы одақтас ре-
спубликалармен байланыстардың қайта басталуы, шетелдік инвестициялардың келуі және 2000
жылдардың басындағы қарқынды экономикалық өсу, 2008-2009 жылдардағы әлемдік қаржы
дағдарысы, еуразиялық интеграцияның тереңдеуі, 2015-2016 жылдары мұнайдың әлемдік
бағасының күрт төмендеуі, COVID-19 пандемиясы. Мақалада авторлар шикізат экспортынан
түсетін түсімдер қысқа мерзімді кезеңде ғана экономиканың өсуін қамтамасыз етеді, ал ұзақ
мерзімді тұрақты өсу үшін ел экономикасы мен экспортты әртараптандыру, атап айтқанда
қызметтер секторын дамыту, адами капиталды және қосылған құны жоғары салаларды дамыту
қажет деген қорытындыға келді. Сондай-ақ экономиканың өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік
сияқты базалық секторларының өнімділігін арттырудың да маңызы зор болып табылады.
Түйін сөздер: экономикалық өсу, экспорт, тікелей шетелдік инвестициялар, мемлекеттік
бағдарламалар, әртараптандыру, бәсекеге қабілеттілік.

Жүктелулер

Жарияланды

2021-06-18