Коронавирус пандемиясы кезіндегі тұтынушылардың сатып алу қабілетіне әсер ететін факторлар

Авторлар

  • T. Baimukhanov Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, Қазақстан, Нұр-Сұлтан қ http://orcid.org/0000-0001-9968-4032
  • A. Baimukhamedova З. Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті, Қазақстан, Қостанай қ. http://orcid.org/0000-0002-2358-0007
  • G. Baimukhamedova З. Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті, Қазақстан, Қостанай қ. http://orcid.org/0000-0002-3689-4224
  • A. Mustafina З. Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті, Қазақстан, Қостанай қ. http://orcid.org/0000-0003-4738-9802

DOI:

https://doi.org/10.26577/be.2021.v137.i3.04
        129 151

Аннотация

Зерттеудің мақсаты COVID-19 кезінде тауарлар мен қызметтерді сатып алу кезінде
тұтынушыларға әсер ететін түрлі факторларды бағалау болып табылады. Қазіргі кезде үнемі
өзгеріп отыратын және жоғары деңгейде болжанбайтын корпоративті ортада компаниялар мен
кәсіпорындар әртүрлі өзгерістерді болжау үшін сатып алушылардың мінез-құлық динамикасын
және олардың клиенттерінің дағдыларын жоғары деңгейде түсінуі керек. Зерттеу сонымен қатар
онлайн-маркетинг туралы тұтынушылардың пікірін білуге тырысты. Алматы және Қостанай
облыстарынан келген 300 тұтынушының пікірлерін жинау үшін сандық зерттеу әдістемесі
қолданылып, сауалнаманың сенімділігін тексеру үшін сенімділік сынағын пайдаланып үш бөлімнен
тұратын сауалнама қолданылды. Ағымдағы пандемиялық жағдайға сүйене отырып, осы жұмыстың
авторлары 2020 жылдың екінші тоқсанында тұтынушылардың сатып алу тәртібіне әсер еткен
динамиканы зерттеу үшін зерттеуді бастады. Таңдалған гипотезалар Пирсон хи-квадрат тестінің
көмегімен тексерілді. Сатып алу қабілеттілігіне көбінесе тауарлар мен қызметтерге бағалар
факторлары әсер ететіндігі көрсетілген, ал жылжыту, сатушылар, процестер, физикалық орта
сияқты басқа факторлар тұтынушылардың сатып алу тәртібіне номиналды әсер етеді. COVID-19
– бұл өнімдер мен қызметтерді сатып алу үшін онлайн-маркетингті таңдаудың басты себебі. Осы
зерттеудің нәтижелері тұтынушылар арасында тауарлар мен қызметтерді табысты жылжыту
мақсатында біздің республикада жұмыс істейтін отандық және шетелдік маркетологтар үшін
пайдалы болуы мүмкін.
Түйін сөздер: сатып алу қабілеті, тұтынушылар, couder-richardson тесті (kr-20), интернет-
маркетинг, факторлар, бағалар.

Жүктелулер

Как цитировать

Baimukhanov, T., Baimukhamedova, A., Baimukhamedova, G., & Mustafina, A. (2021). Коронавирус пандемиясы кезіндегі тұтынушылардың сатып алу қабілетіне әсер ететін факторлар. ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы, 137(3), 37–46. https://doi.org/10.26577/be.2021.v137.i3.04