Технологияларды енгізудің Нигерияның Осун штатындағы салық аудитіне әсері

Авторлар

  • A. Adebayo Осун мемлекеттік университеті, Нигерия, Осогбо қ.
  • J. Olowookere Осун мемлекеттік университеті, Нигерия, Осогбо қ.
  • M. Oyekanmi Осун мемлекеттік университеті, Нигерия, Осогбо қ.

DOI:

https://doi.org/10.26577/be.2021.v135.i1.05
        104 139

Аннотация

Бұл мақалада технологияларды енгізудің Осун штатындағы салық аудитіне әсері зерттелген.
Бұл жұмыста сауалнама әдісі қолданылды және мәліметтер көзі ретінде бастапқы құрылымдық
мәліметтер болды, олар бес баллдық Лайкерт шкаласы бойынша жүйеленген сауатты сауалнаманы
құру арқылы алынған, 100 сауалнама Осун штатының салық қызметі, Осун штатының ішкі
кірістер басқармасы қызметкерлері және кәсіп иелері арасында кездейсоқ таратылған, оның
75-і толтырылып, қайтарылды. Жиналған деректерді талдау үшін әдеттегі ең кіші квадраттар
регрессия әдісі қолданылды. Осы талдаудың нәтижелері детерминация коэффициенті
технологияның салықтық сәйкестіктің жалпы ауытқуының 50%-ын түсіндіретіндігін, ал табыстың
жалпы өзгеруінің 69%-ын түсіндіретіндігін көрсетті. Осун штатында технологияларды енгізу
және салықтық сәйкестік пен кірістің өсуі арасында оң байланыс бар екендігі анықталды.
Пирсон корреляциялық матрицасы зерттеу барысында айнымалылар арасындағы екі өлшемді
ассоциациялардың бағытын, маңыздылығын және күшін көрсетті. Зерттеу барысында үкіметке
кірістерді көбейту үшін технологияларға қомақты қаражат салуды, салық төлеуден жалтаруды
минимумға дейін азайту үшін үкіметке салық заңдарын қайта қарауды және салық органдарына
салық тексерулерін мүмкіндігінше тез өткізуге ұмтылуды ұсынды.

Түйін сөздер: технология, салық аудиті, салық әкімшілігі, салық төлеуден жалтару.

Жүктелулер

Как цитировать

Adebayo, A., Olowookere, J., & Oyekanmi, M. (2021). Технологияларды енгізудің Нигерияның Осун штатындағы салық аудитіне әсері. ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы, 135(1), 45–52. https://doi.org/10.26577/be.2021.v135.i1.05