Валюта бағамына әсер ету әдістері: валюталық реттеу мәселелері мен оларды шешу жолдары

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/be.2020.v134.i4.05
        103 84

Аннотация

Валюталық реттеу мемлекеттің экономикалық саясатында маңызды рөл атқарады. Оның
мақсатына қарай валюталық реттеу елдегі экономикалық дамуды ынталандыруы немесе тежеуі
мүмкін және сәйкесінше, жекелеген салалар мен секторлардың жағдайына әсерін тигізіп,
сондай-ақ мемлекеттің әлемдік нарықтағы орнына да ықпал етеді. Қазіргі экономикалық
жаһандану жағдайында валюта бағамы еліміздің сыртқы экономикалық қызметіне ғана емес,
жалпы әлеуметтік-экономикалық дамуына да әсер ететін негізгі кешенді макроэкономикалық
көрсеткіштердің біріне айналды. Валюта нарығының тепе-теңдігінің бұзылуы, сауда
балансының теріс қалдығы (сальдосы), инфляцияның жоғары қарқыны қазіргі кезде тиімді
валюта бағамы саясатын жүргізу мен валюта бағамының оңтайлы деңгейін орнату мәселесінің
әлі де ашық қалып отырғандығын көрсетеді. Бұл мәселелерді шешу үшін валюта котировкасы
бағамын реттеудің оңтайлы жүйесін таңдау керек. Мақалада валюта бағамы режимдерін
реттеу жүйесіне теоретикалық көзқарастар қарастырылған. Валюталық реттеу әдістері
жүйеленген түрде жіктелген. Валюталық жүйелерді құрылымдауға және олардың тұтастылығы
мен иерархиясына ықпал ететін, валюта бағамын тұрақтандыруға жүйелік көзқарасты қолдану
ұсынылады. Сонымен қатар, бұл мақалада валюталық реттеу мәселелері мен оларды шешу
жолдары қарастырылады.

Жүктелулер

Как цитировать

Ongdash, A., Elemesov, R., Rakhmetjan, A., & Ongdashuly, E. (2020). Валюта бағамына әсер ету әдістері: валюталық реттеу мәселелері мен оларды шешу жолдары. ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы, 134(4), 54–65. https://doi.org/10.26577/be.2020.v134.i4.05

Шығарылым

Бөлім

Валюта бағамының, ТШИ және пандемияның экономикалық дамуға әсері