Тұтынушылардың тұрақты бизнес-модельдерге деген мінез-құлқы: бэби-бумерлар және X, Y, Z ұрпақтары

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/be.2020.v134.i4.04
        116 222

Аннотация

Аталмыш зерттеу бэби-бумер және X, Y, Z ұрпақтарының қонақжайлылық және туризм
кәсіпорындарда қолданылып жатқан тұрақты бизнес тәжірибелеріне қатысты аттитюдтарындағы
айырмашылықтарды анықтауға бағытталған. Эмпирикалық зерттеуде сауалнамалық мәлімет
жинау құралымен жүзеге асырылған сандық әдіс қолданылған. Жалпы іріктеме көлемі
жас санаттары бойынша жіктелген 285 респондентті құрады. Тұтынушылардың төрт тобы
арасындағы айырмашылықты анықтау мақсатында ANOVA – талдауы жүргізілді. Тереңдетілген
салыстырмалық талдау барысында Tukey HSD тесті қолданылды.
Алынған нәтижелер төрт ұрпақтың қонақжайлылық пен туризм саласы кәсіпорындарының
әлеуметтік бағыттағы және экологиялық жауапкершілікке негізделген бизнес тәжірибелеріне
қатысты аттитюдтарында айтарлықтай айырмашылықтар бар екенін көрсетті. Төрт сегмент
бойынша жіктелген топтар арасында экологиялық жауапкершілікпен байланысты бизнес
тұжырымдамаларға қатысты айырмашылықтар анықталған жоқ. Аталмыш эмпирикалық
сандық зерттеу бэби-бумерлар және X, Y, Z ұрпақтары арасындағы тұтынушылық мінез-
құлықтық айырмашылықтар мен ұқсастықтарды тереңдете зерттей отырып, туризм, қонақ
үй және ресторан бизнесі саласындағы ұрпақтар теориясын одан әрі дамытып, толықтыруға
ғылыми үлес қосады. Зерттеу бизнес саласындағы пәнаралық ғылыми жұмыстардың мазмұнын
Қазақстан контексіндегі әр түрлі ұрпақтар сегментінің тұтынушылық мінез-құлқы тұрғысындағы
мәліметтермен толықтырады.

Жүктелулер

Как цитировать

Kenebayeva, A. (2020). Тұтынушылардың тұрақты бизнес-модельдерге деген мінез-құлқы: бэби-бумерлар және X, Y, Z ұрпақтары. ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы, 134(4), 44–52. https://doi.org/10.26577/be.2020.v134.i4.04

Шығарылым

Бөлім

Банк құрылымдары мен бизнес-модельдердің тұрақтылық факторлары