Инновациялық қызметіндегі менеджердің құзыреті: құрылу деңгейінің әдістемелік аспектілері және даму бағдарламасының жинақтылығы

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/be.2020.v133.i3.06
        77 143

Аннотация

Мақалада менеджердің инновациялық қызметіндегі құзіретінің жинақтылық деңгейін диагностикалаудың
әдістемелік аспектілері көрініс тапқан. Мақалада – орта басқару деңгейінде
қызмет атқаратын және инновациялық қызметті жүргізуші менеджер кәсібінің құзіреті
қарастырылған. Бес топ: кәсіби, қызметтік, сандық, әлеуметтік-мәдени және танымдылық
құзыреті бойынша реттелген тізім түрінде инновациялық қызметтегі менеджердің құзыретін
құру моделі ұсынылған. Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының инновациялық қызметтегі
менеджерлердің фокустық тобы мысалында әдістеменің апробациясы жүргізілген. Маңыздылық
және мәселелік критерийлері бойынша құзыреттілікті дамыту үшін басымдылықты анықтауға
мүмкіндік беретін, инновациялық қызметтегі менеджердің құзыреттілігін ранжирлеу матрицасы
құрылған. Құзыреттілікті оқыту және дамыту әдістерін (білім алушылар саны, тәжірибелік
бағыттылығы, дайындық деңгейі, оқуға ынталандыру және танымдылық белсенділігі деңгейі,
бағасы және оқыту ұзақтылығы) таңдау жолдары анықталған. Кеңінен таралған әдістерге
сипаттама берілген және айқындалған критерийлер бойынша инновациялық қызметтегі
менеджерді оқыту әдістері мен құзыретін дамытуды таңдау алгоритмі ұсынылған. Зерттеу
нәтижелері сұралған респонденттер арасында инновациялық қызметтің маңызды функционалдық
құзыреттіліктері «дамымаған» санатқа жататынын, ал кәсіби құзыреттіліктердің басым бөлігінің
қалыптасу дәрежесі дамудың жеткілікті емес деңгейінде екендігін көрсетеді.

Жүктелулер

Как цитировать

Kurmanov, N., Seitzhanov, S., & Syrlybayeva, N. (2020). Инновациялық қызметіндегі менеджердің құзыреті: құрылу деңгейінің әдістемелік аспектілері және даму бағдарламасының жинақтылығы. ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы, 133(3), 60–71. https://doi.org/10.26577/be.2020.v133.i3.06

Шығарылым

Бөлім

Тәуекелдерді бағалау және құзыреттіліктің әдістемелік аспектілері