Қаржылық есептіліктің тілдік ерекшеліктерінің аудиторлық тәуекелге әсерін талдау
DOI:
https://doi.org/10.26577/be.2020.v133.i3.05Аннотация
Бүгінгі таңда, қатал бәсекелестік жағдайында, жоғары сапалы аудит жүргізу үшін аудиторлар
кез келген ақпаратты пайдалануға тырысады. Жүргізілген аудиттің сапасы көп жағдайда
аудиторлық компанияның күш-жігерін анықтайтын аудиторлық тәуекелдің мөлшеріне байланысты болады. Осыған байланысты аудиторлық тәуекелді есептеуге айтарлықтай әсер ететін
қосымша факторларды табу міндеті алға шығады. Мазмұндық талдауды, регрессиялық талдауды
қолдану негізінде, осы мақала корпоративтік жылдық есептер үшін пайдаланылатын түс, реңктің
есептелген аудит тәуекелінің деңгейіне байланысты екендігін тексереді. Біз оптимистік рең
беретін жылдық есептер аудиторлық тәуекелді бағалау кезінде ескерілетін фактор ретінде
қарастырылуы мүмкін аудиторлық тәуекелділіктің төменгі деңгейімен байланысты деп санаймыз.
Жалпы алғанда, алынған мәліметтер аудиторлар қаржылық есептілікті ашудың лингвистикалық
сапалық сипаттамаларын жүйелі түрде ескере отырып, аудиторлық тәуекелдерді бағалау
әдістерін жетілдіре алатындығын көрсетеді.