Құрылыс өнімінің өзіндік құны элементтерін факторлық талдау
DOI:
https://doi.org/10.26577/be.2020.v133.i3.02Аннотация
Мақалада қазақстандық құрылыс компаниясының қызметінің мысалында өнімнің өзіндік
құнын талдау ұсынылған. Бұл тақырыптың өзектілігі кез келген компания немесе фирма әрқашан
өндірістің және іске асырудың тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштер жүйесіндегі өнімнің өзіндік
құнына көп көңіл бөлетінімен байланысты.
Зерттеудің әдіснамалық негізі ретінде осы саладағы шетелдік және қазақстандық
авторлардың іргелі зерттеулері, сондай-ақ, ҚР нормативтік актілері мен статистикалық деректері,
есептілік көрсеткіштері және зерттелетін компанияның өзге де құжаттары алынды.
Осы зерттеудің негізгі нәтижесі факторлық талдауды қолдану арқылы өндірістің тиімділігін
анықтау болып табылады. Тізбекті орналастыру әдісі арқылы, олардың нәтиже – зерттелетін
компанияның құрылыс өнімінің өзіндік құнына едәуір әсері бар шығындар баптары анықталды.
Жүргізілген зерттеу нәтижесінде талданатын компания үшін өнімнің өзіндік құнын төмендету
бойынша ұсыныстар жасалды. Жалпы, талданатын кәсіпорынға өз шығындарын барынша
азайтуға тырысу керек. Жүргізілген факторлық талдау барысында өндірілетін өнімнің өзіндік
құнын төмендету жолдары ұсынылды.
Қорытындылай келе, авторлар бүгінгі күні құрылыстағы мамандарға деген сұраныс еңбек
биржасында ұсыныстан әлдеқайда артық деген қорытындыға келді және осының салдарынан
құрылыс компаниялары қызметкерлердің төмен біліктілігімен қанағаттануға мәжбүр. Салада
кәсіби кадрлардың болмауы бірқатар проблемаларға әкеп соғады. Бұған құрылыс объектілерінің
сметалық-есептік құжаттамасының болмауы, орташа айлық еңбекақының кемуі, объектілерді
тапсыру мерзімдерінің созылуы, орындалатын жұмыс сапасының төмендеуі: ақаулар санының
көп болуы, материалдарды мәжбүрлі артық жұмсау және т. б. кіреді.