Қазақстандағы ЖОО мен бизнес ынтымақтастығы: ықпал етуші факторлар

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/be.2020.v133.i3.01
        125 93

Аннотация

Университеттер мен бизнестің ынтымақтастығының маңыздылығы барлық елдерде өсуде.
Мұның басты себебі инновациялық құрылымдардың өзгеруі, білім жүйесінің дамуы және
ұлттық және халықаралық жоғары білім саясатының көптеген факторларына байланысты.
Қазақстан жедел дамып келе жатқан мемлекет ретінде осы өзгерістердің бәрін бастан кешуде.
Қазіргі уақытта ЖОО-ның қызметі болып табылатын білім беру мен зерттеу негізде қосымша
серіктестерінің маңызды элементтердің бірі ретінде жеке сектормен бірге зерттеу нәтижелерін
коммерциализациялауға дейін дамуда. Жұмыстың мақсаты университеттер мен бизнестің
ынтымақтастығына әсер ететін факторларды, қозғаушы факторларды және кедергілерді,
сондай-ақ болашаққа ұсыныстарды анықтау болып табылады. Талдау үшін мәліметтер онлайн
сауалнаманың көмегімен алынды. Сауалнама университет қызметкерлері мен компания
қызметкерлері арасында жүргізілді. Сауалнамаға 100-ден астам респонденттер қатысты.
Сауалнаманың нәтижесі университеттер мен бизнестің ынтымақтастығына әсер ететін негізгі
факторлар ретінде: қаржыландыру көздері, университеттердің инновациялық индикаторлары,
қаржыландыру көздеріне қатысты университеттердің басқару және инновациялық қызметін
басқару механизмдері екенін көрсетіп, сондай-ақ, Қазақстанның «дәстүрлі» инновациялық
жүйеден қазіргі заманғы инновациялық экожүйеге баяу және әлі толық емес өтуі осы
арақатынасты дамытуда артта қалудың басты себебі екенін көрсетті.

Жүктелулер

Как цитировать

Dabylova, M., Grabara, J., & Alibekova, G. (2020). Қазақстандағы ЖОО мен бизнес ынтымақтастығы: ықпал етуші факторлар. ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы, 133(3), 4–14. https://doi.org/10.26577/be.2020.v133.i3.01

Шығарылым

Бөлім

Экономика салаларының факторлық талдауы