A. Bukeykhanov’s concept of land relations and modernity

Authors

DOI:

https://doi.org/10.26577/be.2022.v140.i2.07

Abstract

Жер қатынастары мәселесі барлық елдер үшін және халықтар үшін өзекті болып табылады. Ежелгі дәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін адам жерді иемдену үшін күрескен болатын. Осыған байланысты тіпті соғыстар да болды. Жер аумағы бойынша әлемде 9-шы орын алатын Қазақстан үшін жер қатынастары мәселесі аса маңызды болып табылады, мұны тәуелсіздік алғаннан бастап қазіргі уақытқа дейінгі жерге жеке меншік құқығын енгізуге қатысты көптеген пікірталастар дәлелдейді. Мақалада белгілі қоғам қайраткері Ә. Бөкейханов әзірлеген Қазақстанның аграрлықиндустриялық даму жағдайындағы жер қатынастары мен жерге меншік тұжырымдамасы ұсынылған. Тиісінше, ғылыми зерттеудің мақсаты осы тұжырымдаманы, оның ішінде қазіргі жағдаймен байланысын және қолданылуын талдау болып табылады. Зерттеуде Қазақстанға тән жер қатынастары негізінде жерге қандай да бір меншік нысанын пайдалану дәлелденеді. Жер қатынастары тұжырымдамасы мен жер қатынастарын дамытудың қазіргі үрдісін біріктіру үшін материалистік диалектика мен синтез әдісін қолдана отырып, зерттеу Қазақстанның қазіргі аграрлық-индустриялық экономикасы үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге, әсіресе шетелдік резиденттерге жеке меншікті қамтамасыз етудің теріс әсерін белгілейді, бұл 20 ғасырдың басында Ә.Бөкейханов негіздеген қағидаттарға сәйкес келеді. Қазақстандағы аграрлық өндірісті дамытудың қазіргі жай-күйі оның тарихи маңыздылығын назарға ала отырып, бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы өнімін өндіру үшін осы тұжырымдаманы куәландырады. Ә. Бөкейхановтың тұжырымдамасының жердің экологиялық қауіпсіздігін сақтаудан бастап өсімдік шаруашылығы өнімінің аудандастырылған сұрыптарын шығару және өсіруге дейін қамтитын мәселелер, сондайақ ауыл шаруашылығы жануарларының жергілікті тұқымдарын өсіруге және көбейтуге қатысты көптеген мәселелері бойынша практикалық маңызы бар, бұл Қазақстанның табиғи-климаттық жағдайларын ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді. Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхановтың 155-жылдығына арналады.“Байлықтың атасы-еңбек, анасы-жер” У. Пети. Түйін сөздер: Ә.Бөкейхановтың жер қатынастары тұжырымдамасы, Қазақстанның табиғиэкономикалық жағдайы, жерге жеке және мемлекеттік меншік, әлеуметтік-экономикалық даму.

Downloads

Published

2022-07-14