Қазақстан туризімінде ESG-қағидаттарын енгізудің экономикалық тетіктері

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/be155120268

Аннотация

Бүгінгі таңда ESG мәселелері жаһандық деңгейдегі күн тәртібінің маңызды сұрағы болып отырғанына байланысты тұрақты даму қағидаларын туризм саласына енгізу оны трансформациялаудың маңызды бағыттарының бірі болмақ. Қазақстан үшін бұл үдеріс экономиканы институционалдық әртараптандырумен, өңірлік бәсекеге қабілеттілікті және инвестициялық тартымдылықты арттырумен тікелей байланысты. Елімізде стратегиялық құжаттар мен нормативтік-құқықтық негіздің қалыптасқанына қарамастан,  туризм саласына ESG қағидаларын енгізу шектеулі сипатқа ие және экономикалық қатысушылар үшін  қосымша қаржылық, адами, техникалық ресурстарды қажет етеді.

Зерттеудің мақсаты  - Қазақстанның туризм саласына ESG қағидаттарын енгізудің экономикалық тетіктерін анықтау және ғылыми тұрғыдан негіздеу, сондай-ақ туристік кәсіпорындар үшін ESG енгізуді қосымша қаржылық жүктеме ретінде қабылдауды төмендету жолдарын айқындау және олардың туризм секторының тұрақты дамуындағы, инвестициялық тартымдылығын арттырудағы рөлін талдау.

Зерттеу нәтижелері ESG-қағидаттарын салалық деңгейде енгізудегі негізгі шектеуші факторлар мемлекет тарапынан енгізілген реттеуші талаптар мен экономикалық ынталандырулар арасындағы теңгерімсіздікпен байланысты екенін көрсетеді. Мақсатты қаржылық құралдар жеткіліксіз болған жағдайда мемлекет тарапынан күшейтілген нормативтік талаптар шағын және орта бизнес субъектілері үшін қосымша қаржылық шығынның артуына әкеледі. Осыған байланысты жеңілдетілген  қаржыландыру тетіктерін, ESG сертификаттау құралдарын, тәуекелдерді бөлу механизмдерін және жасыл қаржылық құралдарын енгізу инвестициялық кедергілерді төмендетуге, тұрақты инвестициялардың экономикалық тиімділігін арттыруға ықпал ететіні негізделеді.

Зерттеудің ғылыми маңыздылығы – ESG-қағидаттарын туризм саласына енгізу мәселесін экономикалық ынталандыру жүйесі ретінде институционалдық және статистикалық, экономикалық  тұрғыдан кешенді талдаумен байланысты. Зерттеу туризм саласында ESG-трансформациясын қамтамасыз ететін экономикалық тетіктердің рөлін айқындап, туристік сектордың тұрақты дамуы мен инвестициялық тартымдылығын арттырудың теориялық негіздерін нақтылайды. Зерттеудің практикалық маңыздылығы – ұсынылған тетіктердің тұрақты туризмді дамытуға бағытталған мемлекеттік саясатты жүзеге асыруда, туристік инфрақұрылымды жаңғырту бағдарламаларын жетілдіруде және Қазақстанның туристік индустриясына инвестициялар тартуға бағытталған экономикалық құралдарды қалыптастыруда қолданылуы мүмкіндігімен анықталады.

Түйін сөздер: ESG қағидаттары, тұрақты туризм, экономикалық тетіктер, мемлекеттік реттеу, инвестициялық тартымдылық. 

Авторлардың биографисы

Т.К. Рахимжанова, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан

PhD докторанты (1-курс), Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Астана қ., Қазақстан, e-mail: toty.kasenovna@gmail.com).

А.Т. Тлеубаева, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан

PhD, Туризм кафедрасының доцент м.а., Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Астана қ., Қазақстан, e-mail: aitolkyn.t@mail.ru; tleubayeva_at@enu.kz).

С.Р. Есімжанова, К. Сағадиев атындағы Халықаралық бизнес университеті, Алматы, Қазақстан

э.ғ.д., К. Сағадиев атындағы Халықаралық бизнес университетінің «Менеджмент және бизнес» кафедрасының профессоры (Алматы қ., Қазақстан, e-mail: saira_sr@mail.ru).

Н. Юзбашиоглу, Акдениз университеті, Анталия, Түркия

PhD, «Туризм» факультетінің профессоры, Акдениз университеті (Анталия қ., Түркия, e-mail: Nedimy@akdeniz.edu.tr).

Как цитировать

Рахимжанова, Т. ., Тлеубаева, А. ., Есімжанова, С. ., & Юзбашиоглу, Н. . (2026). Қазақстан туризімінде ESG-қағидаттарын енгізудің экономикалық тетіктері. ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы, 155(1). https://doi.org/10.26577/be155120268