Қазақстандағы шағын және орта кәсіпкерлікті реттеу мен ынталандырудың институционалдық құрылымын талдау

Авторлар

  • Г.Р. Даулиева Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Алматы, Қазақстан https://orcid.org/0000-0001-8233-9830
  • Г.Т. Мынжанова Қазақ Аблайхан Атындағы Халықаралық қатынастар Және әлем тілдері Университеті, Алматы, Қазақстан https://orcid.org/0000-0002-0322-3619
  • А.А. Исаева Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Алматы, Қазақстан https://orcid.org/0000-0002-0322-3619
  • С.Т. Махсутова Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Алматы, Қазақстан https://orcid.org/0009-0008-4276-032X

DOI:

https://doi.org/10.26577/be155120262

Аннотация

Ғылыми зерттеу Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерлікті (ШОБ) реттеу мен ынталандырудың институционалдық құрылымын талдауға, сондай-ақ осы саладағы мемлекеттік саясаттың тиімділігіне әсер ететін факторларды анықтауға арналған. Жұмыстың мақсаты кәсіпкерлікті қолдау тетіктерін қалыптастыратын мемлекеттік органдардың, даму институттары мен инфрақұрылымдық ұйымдардың рөлін жан-жақты зерделеу болып табылады. Ұлттық экономика министрлігінің, «Атамекен» ҰКП, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ мен кәсіпкерлерге қаржылық, консультациялық және білім беру құралдарына қол жеткізуге мүмкіндік беретін өңірлік орталықтардың функционалдық ерекшеліктеріне ерекше назар аударылады.

Зерттеудің ғылыми маңыздылығы шағын және орта бизнесті институционалдық реттеудің қолданыстағы тәсілдерін жүйелеу және қолдау бағдарламаларының тиімділігін шектейтін негізгі кедергілерді анықтау болып табылады. Зерттеу әдістемесі институционалдық талдауға, нормативтік құжаттарға салыстырмалы шолуға, сондай-ақ шағын және орта бизнестің даму динамикасы, оның ЖІӨ-ге қосқан үлесі, шаруашылық жүргізуші субъектілердің құрылымы және жұмыспен қамтылғандар саны туралы статистикалық мәліметтерге негізделген.

Нәтижелер проблемалардың негізгі тобын анықтады, соның ішінде мекемелер арасындағы функциялардың қайталануы, қолдау процедураларының күрделілігі, қызметтерді цифрландырудың жеткіліксіздігі және микробизнес үшін қаржыландыруға қол жетімділіктің шектелуі. Жүргізілген талдау негізінде цифрлық платформаларды интеграциялауды, даму институттарының функцияларын қайта бөлуді және ақшалай емес қолдау құралдарын кеңейтуді қоса алғанда, институционалдық модельді оңтайландыру бағыттары ұсынылды. Жұмыстың практикалық маңыздылығы мемлекеттік қолдау шараларының қолжетімділігін арттыруға және Қазақстан экономикасындағы шағын және орта бизнестің рөлін күшейтуге бағытталған ұсынымдарды қалыптастыру болып табылады.

Түйін сөздер: шағын және орта кәсіпкерлік, мемлекеттік қолдау, институционалдық құрылым, реттеу, бизнесті дамыту.

Авторлардың биографисы

Г.Р. Даулиева, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Алматы, Қазақстан

Э.ғ.к., Профессор, жобаның жетекшісі, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Экономика кафедрасының меңгерушісі (Алматы, Қазақстан, e-mail: dauliyeva@gmail.com).

Г.Т. Мынжанова, Қазақ Аблайхан Атындағы Халықаралық қатынастар Және әлем тілдері Университеті, Алматы, Қазақстан

Қазақ Аблайхан Атындағы Халықаралық қатынастар Және әлем тілдері Университеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, экономика кафедрасының аға оқытушысы (Алматы, Қазақстан, e-mail: mynzhanova@mail.ru).

А.А. Исаева, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Алматы, Қазақстан

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, қаржы және есеп кафедрасының аға оқытушысы (Алматы, Қазақстан, e-mai: aiman.isaeva83@mail.ru).               

С.Т. Махсутова , Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Алматы, Қазақстан

Экономика ғылымдарының магистрі, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы, Қазақстан, e-mail: makhsutova.saltanat@gmail.com).

Как цитировать

Даулиева G. ., Мынжанова G. ., Исаева, А., & Махсутова S. . (2026). Қазақстандағы шағын және орта кәсіпкерлікті реттеу мен ынталандырудың институционалдық құрылымын талдау. ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы, 155(1). https://doi.org/10.26577/be155120262