Жергілікті өзін-өзі басқару бюджетін басқарудың шетелдік тәжірибесі: талдау және қолдану
DOI:
https://doi.org/10.26577/be202515228Аннотация
Әлемдегі жергілікті өзін-өзі басқару жергілікті маңызы бар мәселелерді шешудің маңызды тетіктерінің бірі болып табылады және өңірлік дамудың негізі болып табылады.
Мақалада жергілікті өзін-өзі басқару бюджетін басқарудың халықаралық модельдері қарастырылып, олардың Қазақстанда, әсіресе ауылдық аумақтарды дамытуда қолданылу мүмкіндігі бағаланады. Негізгі зерттеу сұрағы – шетелдік фискалдық орталықсыздандыру тәжірибелері мен азаматтардың қатысу тетіктері Қазақстанда жергілікті бюджеттің тиімділігін қалай арттыра алады? Финляндия, Франция және Германия модельдерін салыстырмалы талдау негізінде, зерттеуде жергілікті өзін-өзі басқару органдарының дербестігі мен қаржылық тәуелсіздігін күшейтуге бағытталған ұсыныстар жасалған. Зерттеу салыстырмалы және жүйелі талдауды қамтитын сапалық әдіснамаға негізделген. Зерттеудің шектеулілігі – сандық деректердің болмауы және Еуропадан тыс елдердің аз қамтылуы.
Жергілікті өзін-өзі басқарудың әртүрлі үлгілері бар елдердің тәжірибесін зерделеу және осы мәселе бойынша ғалымдардың жұмыстары негізінде Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқарудың бюджетін басқаруды жетілдіру бойынша бірқатар шаралар ұсынылады. Бұл модельдердің негізінде жергілікті өзін-өзі басқаруды қалыптастыру тәртібі, жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылының сипаты мен ерекшеліктері жатыр. Зерттеу барысында диалектикалық, формальды-логикалық, жалпы және жеке зерттеу әдістері қолданылды.
Зерттеу нәтижесінде жергілікті өзін-өзі басқару бюджетін жетілдіру бойынша шаралар ұсынылды: уәкілетті органдардың өкілеттіктерін құру және нығайту, фискалдық орталықсыздандыру практикасын қолдану, бюджетті басқаруда азаматтардың белсенділігін арттыру практикасын жетілдіру.
Халықаралық тәжірибені талдай отырып, жергілікті өзін-өзі басқаруды жетілдіру саясатын іске асыру үшін фискалдық орталықсыздандыру, елдің ұлттық ерекшеліктерін ескере отырып, азаматтарды бюджетті басқаруға тарту бойынша инновациялық тәсілдерді қолдану қажет.
Түйін сөздер: бюджет, жергілікті өзін-өзі басқару, салықтар, кірістер.