АҚШ қор нарығында тіркелген білім беру ұйымдарының қаржылық талдауы
DOI:
https://doi.org/10.26577/be202515446Аннотация
Мақалада АҚШ қор нарығында акциялары сатылатын білім беру ұйымдарының қаржылық көрсеткіштері зерттелді. Зерттеу онлайн оқытуға және технологиялық білім беру қызметтеріне бағытталған жеке білім беру компанияларын талдауға бағытталған. Зерттеудің негізгі мақсаты – осы ұйымдардың негізгі қаржылық көрсеткіштерін талдау, олардың инвестициялық тартымдылығын және тұрақтылығын анықтау. Әдістемелік негіз ретінде нарықтық көрсеткіштерді бақылау, жіктеу, статистикалық талдау және салыстырмалы талдауды қамтиды. Зерттеу NYSE, NASDAQ және AMEX биржаларында тіркелген 43 білім беру компаниясының капиталдандыру, бета, дивиденд табыстылығы, жалпы табыстылық және өтімділік коэффициенттерін зерттейді. Деректер қаржылық платформалардан жиналды, содан кейін негізгі қаржылық көрсеткіштер бойынша жіктеледі және талданды.
Талдау нәтижелері ретінде ұйымдардың көпшілігінің жоғары құбылмалылық пен инвестициялық тәуекелдері анықталып, ұйымдардың Nano-cap санатына жататынын көрсетеді. Соннымен қатар, зерттеу барысында компаниялардың 80%-дан астамы дивидендтер төлемейтіні анықталды. Соңғы 5 жылда рентабельді емес компаниялардың үлесі азайды, бірақ табыстылық көрсеткіштері бойынша айтарлықтай дисперсия сақталуда. Қаржылық тұрақтылық әртүрлі сипатқа ие. Кейбір компаниялар үшін меншікті капиталдың жоғары табыстылығы сипатталса, ал басқалары үшін төмен өтімділігі және төлем қабілетсіздігі қаупі анықталды.
Зерттеудің құндылығы ретінде ғылыми әдебиеттерде білім беру ұйымдарының қор нарығындағы қызметі жеткілікті түрде қамтылмағанын атап өтуге болады. Мақалада анықталған нәтижелер инвесторлар үшін осы сектордағы тәуекелдер мен инвестициялық мүмкіндіктерді бағалау үшін пайдалы болуы мүмкін.
Түйін сөздер: білім беру ұйымдары, қор нарығы, көрсеткіштер.









