Гендерлік цифрлық алшақтықты карталау: жаһандық ғылыми трендтерді библиометриялық талдау (2003-2024)
DOI:
https://doi.org/10.26577/be202515227Аннотация
Бұл зерттеу жан-жақты библиометриялық талдау арқылы цифрлық дағдылардағы гендерлік алшақтықтың маңызды контекстік, эволюциялық-хронологиялық және географиялық-салалық ғылыми ландшафтын анықтауға бағытталған. Деректер gender, gap, digital және skills сияқты кілт сөздерді пайдаланып Scopus дерекқорынан жиналды. Барлығы 203 басылым анықталды. Нәтижелерді визуализациялау және материалды графикалық түрде көрсету үшін VOSviewer және MS Excel қолданылды. Зерттеу нәтижелері цифрлық гендерлік алшақтыққа деген қызығушылық 2003 жылы пайда болғанын көрсетеді; 2) Бұл зерттеу бағытының танымалдығы 2023 жылы зерттеушілер 59 басылым шығарған кезде болды; 3) цифрландыру дәуіріндегі гендерлік алшақтықты қарастыратын көптеген зерттеулер Әлеуметтік және информатика ғылымдарына жатады; 4) Испания мен АҚШ зерттеушілері неғұрлым маңызды зерттеулер жүргізілді; 5) түйінді сөздердің арақатынасы 34 кластерді және цифрлық гендерлік алшақтықтың жұмыспен қамтуға, әлеуметтік-экономикалық дамуға және білім беруге әсерін зерттеуді құрайды. Сонымен қатар, жарияланымдардың жоғары дәйексөздеріне қатысты зерттеу тенденциялары анықталды. Алынған нәтижелер цифрлық гендерлік алшақтықты одан әрі зерттеуге бағыт-бағдар бола алады.
Түйін сөздер: гендерлік алшақтық, цифрландыру, цифрлық дағдылар, теңсіздік, библиометриялық талдау.