Қазақстан экономикасына шолу: 2008-2022 жылдар аралығындағы даму үрдістері
DOI:
https://doi.org/10.26577/be202515113Аннотация
Бұл зерттеу Қазақстан экономикасында 2008-2022 жылдар аралығында болған өзгерістерді талдау арқылы Қазақстан экономикасы туралы жан-жақты түсінік беруді көздейді. Негізгі макроэкономикалық аспектілерді қамту үшін жалпы экономикалық өнімділікті, жұмыспен қамту құрылымын және нақты өндірісті қоса алғанда, ұзақ мерзімді экономикалық өсудің маңызды көрсеткіштерінің динамикасы мен бағыттары зерттелді. Зерттеу барысында стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және халықаралық ұйымдар жариялайтын статистикалық деректер пайдаланылды. Зерттеу әдістеріне трендтерді талдау, құрылымдық талдау, алдын ала/кейінгі талдау, сипаттамалық статистика, корреляциялық-регрессиялық талдау, теориялық макроэкономикалық принциптер жатады. Осылайша, бұл зерттеудің мақсаты-Қазақстан экономикасына шолу жасау, ал зерттеу нәтижесі 2008-2022 жылдар аралығындағы экономиканың даму үрдістерін анықтау болып табылады. Зерттеу барысында алынған нәтижелер мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік берді: халық арасындағы жұмыс күшінің үлесі төмендеуде және ол экономиканың баяулауына алып келеді, халықтың табысы мен оның инвестициялық мүмкіндіктері айтарлықтай төмен болып қалуда, елдің экономикалық қауіпсіздігі мәселелерін шешу экспорттың біржақтылығымен және импортқа сұраныстың икемсіздігіне байланысты қиындаған. Жүргізілген зерттеу нәтижелері Қазақстан Республикасының дамуын стратегиялық жоспарлаумен айналысатын мемлекеттік құрылымдардың практикалық қызметінде пайдалы болуы мүмкін.
Түйін сөздер: Нақты ЖІӨ, жұмыспен қамту, өнімділік, халықтың табысы, даму тренді.