Банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етудің талдамалық тәсілдері: Қазақстандағы банктердің әдістері мен ағымдағы жай-күйін зерттеу

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/be2025151111
        4 3

Аннотация

Мақалада бүгінгі таңда өте өзекті болып табылатын банк жүйесінің тұрақты дамуын бағалау әдістері және Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің қаржылық тұрақтылық көрсеткіштерінің ағымдағы талдауы берілген. Мақалада қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуде шешуші рөл атқаратын банк мекемелерінің тұрақтылығын бағалаудың әртүрлі әдістері қарастырылған. Негізгі назар банктердің қаржылық тұрақтылығын бағалау үшін қолданылатын тәсілдер мен құралдарды талдауға аударылады, мысалы, стресс-тестілеу, қаржылық коэффициенттерді талдау және рейтинг жүйелері. Қазіргі банк секторында қолданылатын тұрақтылықты талдау әдістеріне салыстырмалы талдау қарастырылған. CAMELS, BAKIS, PATROL, SREP әдістерінің ерекшеліктері, күшті және әлсіз жақтары, мүмкіндіктері мен тәуекелдері, олардың ерекшеліктерін теориялық негіздеумен қатар банктік тұрақтылықты талдау әдістері жан-жақты зерттелді. Сонымен қатар, мақалада қаржылық дағдарыстардың алдын алу және халықтың банк секторына деген сенімін сақтау үшін салыстырмалы талдау мен тұрақтылықты кешенді бағалауды қолдана отырып, Қазақстан республикасының коммерциялық банктерінің қазіргі жағдайына талдау жасалады. Авторлар сонымен қатар әлемдік экономикадағы өзгерістерді және банк секторының дамып келе жатқан динамикасын көрсету үшін бағалау әдістерін бейімдеу қажеттілігін атап көрсетеді.

Түйін сөздер: коммерциялық банктер, тұрақты даму тұжырымдамасы, ESG, тұрақтылықты бағалау, тұрақты банктер.

 

Авторлардың биографисы

Т.Б. Жумадилова , әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан

PhD докторант, "Қаржы және есеп" кафедрасы, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті (Алматы қ., Қазақстан, эл. пошта: zhumadilova_tolkyn@mail.ru ).

Р.Д. Досжан , әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан

PhD, "Қаржы және есеп" кафедрасының қауымдастырылған профессоры, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті (Алматы қ., Қазақстан, эл. пошта: rdd2011@mail.ru ).

Б.М. Алиева , әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан

Э.ғ.к., "Қаржы және есеп" кафедрасының доцент м.а., Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті (Алматы қ., Қазақстан, эл. пошта: baglan_a74@mail.ru).

Р. Пукала , Мемлекеттік қолданбалы ғылымдар университеті, Ярослав қ., Польша

Профессор, "Экономика және Менеджмент" факультеті, Мемлекеттік Қолданбалы Ғылымдар Университеті (Ярослав қ., Польша, эл.пошта: pukala@interia.pl ).

Жүктелулер

Как цитировать

Жумадилова T., Досжан R., Алиева B., & Пукала R. (2025). Банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етудің талдамалық тәсілдері: Қазақстандағы банктердің әдістері мен ағымдағы жай-күйін зерттеу. ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы, 1(151), 144–157. https://doi.org/10.26577/be2025151111