Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау саласын мемлекеттік басқарудың қазіргі жай-күйін талдау және негізгі проблемаларын диагностикалау
DOI:
https://doi.org/10.26577/be.2024-149-i3-09Аннотация
Денсаулық сақтау кез келген мемлекет қызметінің маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) тұрақты дамудың мақсаттарының бірі «салауатты өмір салтын қамтамасыз ету және кез-келген жастағы барлық адамдардың әл-ауқатына ықпал ету» деп жариялайды. Осы мақсатты іске асыруға әлемнің барлық мемлекеттерінің күш-жігері бағытталған, өйткені Ұлт денсаулығы мен ел халқының жоғары өмір сүру деңгейі әрбір елдің орнықты дамуының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Осыған байланысты, мақалада денсаулық сақтау кез келген мемлекет қызметінің маңызды бағыттарының бірі болып табылатыны және осы саладағы тиімді мемлекеттік басқару өте маңызды екенін ескере отырып халықтың барлық топтарына сапалы және қол жетімді медициналық көмек көрсету үшін ұсыныстар әзірлеу мақсаты қойылды. Ол үшін ғылыми абстракция әдісі, индукция және дедукция әдісі, әдебиеттерді талдау және соңғы 5 жылдағы динамикадағы заманауи деректерді статистикалық талдау, проблемаларды анықтау және медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын жақсарту, қоғамдық денсаулықты қамтамасыз ету және сапаны жақсарту үшін ұсыныстар әзірлеу үшін пайдаланылған жалпылау әдісі және салыстырмалы талдау сияқты әртүрлі зерттеу әдістері қолданылды. Пандемияны, демографиялық өзгерістерді және технологиялық инновацияларды қоса алғанда, денсаулық сақтауды мемлекеттік басқару саласында Қазақстан тап болған сын-тегеуріндерді ескере отырып, біз: еліміздің барлық өңірлерінде деректерді өңдеудің автоматтандырылған жүйесін енгізуді, денсаулық сақтауды басқару мониторингі мен талдау жүйесін жақсартуды, қаржыландыру жүйесін оңтайландыруды, халықтың барлық топтарына сапалы және қолжетімді медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз етуді бақылау мен қадағалау тетігін дамытуды ұсындық.
Түйін сөздер: денсаулық сақтау, денсаулық сақтау, қолжетімді медициналық көмек, өмір сапасы, пандемия, ұсыныстар, қоғамдық денсаулықты басқару.