Мемлекеттік басқару жүйесін реформалау бойынша зерттеулердің библиометриялық талдауы

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/be.2024-149-i3-010
        27 29

Аннотация

Зерттеу мемлекеттік әкімшілік жүйені басқару негізінде жүргізілген реформалардың алғашқы библиометриялық талдауы. Библиометриялық талдаудың өзектілігі деректердің үлкен көлемін өңдеп талдауда. Мемлекеттік жүйені басқару бағытындағы жүргізілген реформалардың қазіргі жай күйі мен болашақ даму бағыттарын анықтап, библиометриялық талдау жүргізу зерттеуіміздің басты мақсаты.

Мақаламызда ерекше стратегия қолдану арқылы 1991 – 2023 жылдары зерттеу бағытымыз бойынша 151 мақала таңдалды. Библиометриялық желілерді құрып, визуализация жасауда VOSviewer бағдарламалық құралы таңдалды. Мемлекеттік әкімшілік жүйені басқару бағытындағы зерттеулерде Scopus академиялық дерекқорына талдау жүргізілді. Жинақталған деректерге тұжырымдар жасау арқылы зерттеуіміздің даму бағытын түсіндік.

Зерттеу нәтижелері мемлекеттік жүйені басқару бағытындағы зерттеулердің даму қарқыны туралы толық және сенімді ақпарат берді. Біздің зерттеуіміз мемлекеттік басқару бағытындағы ең жақсы мақалаларды, басылымдарды, ең көп сілтеме жасалған авторлар мен ұйымдардың зерттеулерін анықтап, қазіргі жай күйін сипаттау арқылы ғылыми әдебиеттерге үлес қосады.

Мемлекеттің әкімшілік басқару жүйесінде жүргізілген реформалар электронды үкіметтің ашықтығы мен тиімділік элементтерін анықтады. Бұдан басқа зерттеуімізде үздік әлемнің басылымдарының даму тенденциясын картаға түсіру арқылы анықтадық. Мемлекеттік жүйені басқару бойынша жүргізілген реформаларда АҚШ, Ұлыбритания елдерінің даму тәжірибесі 2010 жылдан бастау алса, ал Қазақстан 2020 жылы белсенді қарқын алған.

Түйін сөздер: Қазақстан, мемлекеттік басқару реформалары, VOSviewer, библиометриялық талдау, әдебиеттерге шолу, ғылыми картаға түсіру, бірлескен сөздерді талдау.

Авторлардың биографисы

Д.Х. Бастықов, Нархоз университеті, Алматы қ., Қазақстан

(корреспонденттік автор) – докторант, Нархоз университеті, (Алматы қ., Қазақстан, e-mail: dostiyar.bastykov@narxoz.kz)

Ш.А. Смағұлова, К. Сағадиев атындағы халықаралық бизнес университеті, Алматы қ., Қазақстан

э.ғ.д., «Менеджмент және бизнес» кафедрасының профессоры, К. Сағадиев атындағы Халықаралық бизнес университеті, (Алматы қ., Қазақстан, e-mail: shsmagulova@mail.ru)

М. Каратаев, Ноттингем университеті, Ноттингем қ., Ұлыбритания

PhD, профессор, Энергия технологиялары ғылыми-зерттеу институты, Инновациялық парк, Ноттингем университеті, (Ұлыбритания, Ноттингем қаласы. e-mail: m.karataev@gmail.com)

М.Б. Тогизбаева, № 68 Жалпы орта мектеп, Шымкент қ., Қазақстан

оқытушы, №68 Жалпы орта мектеп, (Шымкент қ., Қазақстан, e-mail: meryertbastk@gmail.com)

Жүктелулер

Как цитировать

Бастықов, Д. ., Смағұлова, Ш. ., Каратаев, М. ., & Тогизбаева, М. (2024). Мемлекеттік басқару жүйесін реформалау бойынша зерттеулердің библиометриялық талдауы. ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы, 149(3), 136–149. https://doi.org/10.26577/be.2024-149-i3-010