Логистикалық жеткізу желісін дамытудың аумақтық аспектісі

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/be.2024-148-b2-013
        105 95

Аннотация

Мақалада Қазақстан өңірлерін жаһандық экономикаға кіріктірудегі аумақтық логистиканың рөлін зерттеуді қарастырады. Мақаланың негізгі мақсаты Қазақстанда жеткізілімдердің логистикалық желісін дамытудың аумақтық аспектісін және оның орнықты, әрі теңгерімді экономикалық өсуді қамтамасыз етуге әсерін қарастыру болып табылады. Ел алдында тұрған негізгі проблемалар мен сын-қатерлерге талдау жүргізілді, сондай-ақ даму процесін қолдау үшін аумақтық логистиканы жақсарту бойынша ұсыныстар берілді.

Зерттеу Қазақстанның көліктік логистикалық саласын дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы мен стратегиясын талдауды қамтиды. Авторлар елдің аумақтық логистикасы мен көлік жүйесіне қатысты негізгі сын-қатерлер мен мүмкіндіктерді анықтау үшін «Нұрлы жол» және 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспары сияқты мемлекеттік бағдарламаларды қарастырады. Осы мақсатқа жету үшін әртүрлі талдау әдістері қолданылады, соның ішінде құжаттарды талдау, библиометриялық талдау және көлік жүйелерінің құрылымдық синтезі.

Мақала тұрақты дамуды қамтамасыз ету және аумақтық ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру үшін, аумақтық логистиканың маңыздылығын көрсетеді. Аумақтық логистика экономикалық қызметтің кеңістіктік аспектілерін басқарудың кешенді тәсілі ретінде қарастырылады, соның ішінде аймақтар мен қалалар деңгейінде көлік ағындарын ұйымдастыру және оңтайландыру. Мақала зерттеуіндегі тұжырым  бойынша Қазақстанда осы саланы зерттеу мен дамытудың жаңа жолдары айқындалады. Аумақтық логистика саласындағы заманауи зерттеулерге шолу зерттеу қызығушылығының жан-жақтылығын және аумақтық деңгейде логистикалық процестерді басқарудың тиімді стратегияларын әзірлеу, сонымен қатар зерттеулердің маңыздылығы айқындалды.

Түйін сөздер: Аумақтық логистика, аумақтық көлік жүйелері, өңірлік көлік жүйелері.

 

 

Авторлардың биографисы

Қ.А. Мұса, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

(корреспондент автор) PhD докторант, «Бизнес –технологиялар» кафедрасы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы қ., Қазақстан, е-mail: musa_karlygash.kz@mail.ru )

С.К. Ахметкалиева, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

Техника  ғылымдарының  кандидаты, доцент м.а., «Бизнес – технологиялар» кафедрасы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы қ., Қазақстан, е-mail: sandygula@yandex.ru )

Д. Джиган, Малайзия Теренггану Университеті, Малайзия, Куала-Лумпур қ.

PhD, қауымдастырылған профессор, Малайзия Теренггану Университеті,  (Куала–Лумпур, Малайзия, е-mail: jagan@umt.edu.my )

Жүктелулер

Как цитировать

Мұса, . Қ. ., Ахметкалиева, С. ., & Джиган, . Д. . (2024). Логистикалық жеткізу желісін дамытудың аумақтық аспектісі. ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы, 2(148), 152–164. https://doi.org/10.26577/be.2024-148-b2-013