Экологиялық аудит қоршаған ортаны жақсарту мен қорғаудың негізгі құралы ретінде
DOI:
https://doi.org/10.26577/be.2024-148-b2-09Аннотация
Нарықтық қатынастардың дамуы жағдайында қоршаған ортаға әсер ету проблемалары барған сайын айқындала түсуде. Атап айтқанда, оған келтірілген залалды және осы залалдың тәуекелін бағалау мәселелері табиғат пайдаланушылардың өздері, бақылауды жүргізетін мемлекеттік институттар, жеке және қоғамдық ұйымдар үшін де туындайды.
Мақаланың негізгі мақсаты - экологиялық аудит арқылы тұрақты даму тұжырымдамасын орындауын, яғни қоршаған ортаны қорғауды сақтай отырып, оны жақсартуда ықпалын түсіндіру болып отыр. Сондықтан да осы мақаланың мәнісін ашуда экологиялық аудитттің анықтауы мен дамуының үш жаһандық тәсілінің бірі қолданылды.
Экологиялық аудиттің қоршаған ортаны жақсартуға және қорғауға әсері туралы қорытынды жасау үшін, ең алдымен, тиісті және қол жетімді шетелдік және отандық әдебиеттер зерттелді. Зерттеу нәтижелері экологиялық аудит талаптары мен қоршаған ортаны ластайтын және ол ортаны жақсарту арасындағы тікелей байланысты көрсетеді. Зерттеу нәтижелерінің практикалық қолданылуы - ластануды азайту және қоршаған ортаны қорғауды жақсарту бойынша нақты ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
Бұл зерттеудің құндылығы: авторлар қоршаған ортаны жақсарту және қорғау үшін экологиялық аудитті дамыту және қалыптастыру шарттарын анықтауда.
Түйін сөздер: экологиялық аудит, қоршаған орта, ауаның ластануы, ластаушы заттардың шығындылар, шығындар.