Қазіргі әлемдегі мемлекеттің тұрақты дамуының геоэкономикалық детерминанттары: шетелдік талдау

Авторлар

  • Э.Г. Ванхемпинг Скандинавиялық академиялық ұтқырлық институты, Сейнайоки, Финляндия https://orcid.org/0000-0003-4913-3886

DOI:

https://doi.org/10.26577/be.2023.v146.i4.01
        202 175

Аннотация

Шетелдік геоэкономикалық зерттеулердің тәжірибесі – қазіргі қазақстандық экономикалық саясатта қолдануға тиімді ережелерді, құралдарды, технологияларды жүйелі зерделеу және анықтау үшін өзекті. Бұл мақалада автор Финляндияның жетекші ғылыми-талдау орталықтары- ның қазіргі заманғы зерттеу дискурсында мемлекеттердің қазіргі геоэкономикалық мәртебелері- нің олардың тұрақты даму процестеріне әсері туралы ұсынылған ғылыми-әдістемелік тәсілдерді, стратегиялық тұжырымдар мен негізгі тактикалық ұсыныстарды салыстырмалы талдауды жүзеге асырады. Финляндияның тәжірибесі Қазақстан үшін әртүрлі аспектілерде қолайлы болуы мүмкін. Финляндия заманауи технологиялық дамуға ұмтылған Қазақстан үшін қызықты болуы мүмкін инновациялық технологияларды сәтті дамытып жатыр. Қазақстан инновация саласындағы фин тәжірибесін үйреніп, оны өз дамуын ынталандыру үшін пайдалана алады. Стратегиялық геоэкономикалық зерттеулердің шетелдік тәжірибесіне осындай компаративті көзқарас Қазақстанның қазіргі геоэкономикадағы орны мен рөлін түсінудегі жаңа реперлік нүктелерді көру үшін өзекті болып табылады. Сондай-ақ, осы мақалада ұсынылған стратегиялық геоэкономикалық зерттеулердің шетелдік дискурсын жүйелі талдау мемлекеттік басқарудың неғұрлым тиімді инновациялық технологияларын анықтауға ықпал етуі мүмкін, оларды қолдану Қазақстан Республикасындағы саяси экономикалық реформалар мен трансформацияларды зерттеу нәтижелілігінің ресурстарын күшейтуге мүмкіндік береді.
Түйін сөздер: геоэкономика, экономикалық тәуекелдер, саяси экономикалық реформалар,
мемлекеттік стратегия, қауіпсіздік тұжырымдамасы.

Жүктелулер

2023-12-26 — Обновлена 2024-01-07

Нұсқалар

Как цитировать

Ванхемпинг E. G. . (2024). Қазіргі әлемдегі мемлекеттің тұрақты дамуының геоэкономикалық детерминанттары: шетелдік талдау. ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы, 146(4), 3–12. https://doi.org/10.26577/be.2023.v146.i4.01 (Original work published 26, Грудень 2023)