Қазақстан өңірлерінде кедейшілік деңгейін талдау

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/jerba2024147112
        319 203

Аннотация

Бұл зерттеудің мақсаты Қазақстандағы кедейшілік деңгейінің тенденцияларын және спецификасын анықтау және оның деңгейін төмендету ұсыныстарын беру болып табылады. Зерттеудің өзектілігі Қазақстандағы кедейшіліктің дамуымен, аймақтардағы халықтың өмір сүру деңгейінің нашарлығымен, күделікті күнкөріске қажетті тауармен қамтылмауымен ұштасады. Яғни, мемлекеттің аймақтарындағы кедейшілік деңгейінің өсуңіне себеп болған мәселелерді зерттеу қажеттігімен және оның деңгейін төмендету шаралардың маңыздылығымен қамтамасыз етіледі. Зерттеу жұмысында кедейшілік деңгейінің артуына әсер ететін факторлар жайлы сұрақтар көтеріледі. Әдеби шолудың нәтижесі бойынша әлемдік экономикада кедейшілікпен күресу үнемі өзекті мәселе екендігі анықталды.  Бұл зерттеу статистикалық деректерді жүйелеу және топтастыру сияқты кешенді әдістер қолданылаған.  Статистика 2018-2022 жылдарға Ұлттық статистика бюросынан алынды. Әзірленген әдістемелік құралдар аймақтардағы кедейшіліктің деңгейін өршітуге әсер ететін детирминанттардың жағдайын анықтауға және талдауға мүмкіндік береді. Зерттеу нәтижесі бойынша, кедейшіліктің деңгейіне әсер ететін факторлар болып табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі (кедейлік деңгейі) және саны, табысы азық-түлік себетінің құнынан төмен халықтың саны, жұмыссыз халықтың үлесі және саны анықталды. Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халық саны жоғары аймақтар қатарына Түркістан, Маңғыстау облыстары мен Алматы қаласы жатады, кедейшілік деңгейі төмен аймақтар қатарына Астана қаласы мен Ұлытау облысы жататындығы анықталды. Зерттеудің теориялық маңыздылы аймақтардағы кедейшіліктің деңгейін талқылауда негіз бола алады және оқу материалдарында қолдануға болады. Зерттеу нәтижелерінің тәжірибелік маңыздылығы мемлекеттік нысаналы бағдарламаларды даярлауда қолдануға болады.

Түйін сөздер: экономика, кедейлік, аймақ, талдау, табыс, жұмыссыздық

 

Авторлардың биографисы

Д.М. Кангалакова, ҚР ҒЖБМ ҒК Экономика институты

PhD, қауымдастырылған профессор, ҒжЖБМ ҒК Экономика институтының нақты сектор экономикасы бөлім меңгерушісі (Алматы қ., Қазақстан, Электронды пошта: dmuratbekovna@mail.ru)

А.Б. Айдарова, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Қазақстан, Шымкент қ.

(корреспонденттік автор) экономика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор,  М.Әуезов ат. Оңтүстік Қазақстан университеті (Шымкент қ., Қазақстан, Электронды пошта: ab_moon@mail.ru )

С.Ж. Ибраимова , Қ.Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университеті, Қазақстан, Астана қ.

экономика ғылымдарының кандидаты, профессор, Қазақ Технология және Бизнес Университеті (Астана қ., Қазақстан, Электронды пошта: saule_ibraimova_kz@mail.ru )

Г.Т. Апсенбетова , М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Қазақстан, Шымкент қ.

экономика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы, М.Әуезов ат. Оңтүстік Қазақстан университеті (Шымкент қ., Қазақстан, Электронды пошта: gulnara.apsenbetova@gmail.com )

Жүктелулер

Как цитировать

Кангалакова, Д., Айдарова, А., Ибраимова , С., & Апсенбетова , Г. (2024). Қазақстан өңірлерінде кедейшілік деңгейін талдау. ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы, 1(147), 145–156. https://doi.org/10.26577/jerba2024147112