Көлеңкедегі кәсіпкерлік: Қазақстандағы мүгедектік пен кәсіпкерліктің қабысуы

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/jerba2024147114
        127 143

Аннотация

Бұл зерттеу мүгедектікті түсінудің әртүрлі тәсілдерін, соның ішінде медициналық және әлеуметтік модельдерді және олардың Қазақстандағы мүгедектерге деген көзқарасына әсерін зерттеуге бағытталған. Cондай-ақ елдегі мүгедектердің жағдайын, соның ішінде халықтың статистикасын, жұмыспен қамту деңгейін және білім алу мен инфрақұрылымға қол жеткізудегі кедергілерді талдайды. Зерттеудің мақсаты – Қазақстанның кәсіпкерлік экожүйесі контекстінде мүгедектік пен кәсіпкерліктің өзара байланысын талдау. Зерттеу әдістемесі аралас тәсілді қолдануды қамтиды: мүгедек кәсіпкерлер арасындағы сандық сауалнамалар және осы топпен жүргізілген сұхбаттар, нарративті талдау және құжаттарға шолуды қамтитын сапалы талдау. Негізгі тұжырымдар мүмкіндігі шектеулі жандардың кәсіпкерлікке қол жеткізуін қамтамасыз етудің маңыздылығын көрсетеді. Бұл кәсіпкерлік орталықтарының қызметтерін мүгедектердің қажеттіліктеріне қарай бейімдеуді білдіреді. Сонымен қатар, әртүрлі деңгейдегі білім беру мекемелері мүгедектер арасында кәсіпкерлік білімді арттыруға ықпал ете алады. Бұл топ үшін кәсіпкерлік курстарының және қаржылық қолдаудың болмауы мүгедектерге арналған дағдыларды дамыту, менторлық, қаржыландыру және іскерлік байланыстарды құруды қамтитын кешенді қолдаудың қажеттілігін көрсетеді. Сондай-ақ мүгедектерге арналған бизнес-сервистерді бейімдеу үшін мамандандырылған бағдарламалар әзірлеу және персоналды оқыту ұсынылады. Зерттеу мүгедектерді кәсіпкерлік мансапты таңдауға ынталандыру үшін кәсіпкерлік, мүгедектік және инклюзия саласындағы институттардың мүмкіндіктерін жақсартуға шақырады. Бұл Қазақстанда мүгедек кәсіпкерлердің табысты дамуын қамтамасыз ететін инклюзивті орта құруды және қолдауды талап етеді.

Түйін сөздер: мүгедектік, кәсіпкерлік, Қазақстан, инклюзия, жұмыспен қамту.

 

Авторлардың биографисы

Н.К. Альджанова, Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебі, Қазақстан, Астана қ.

(корреспонденттік автор) Ph.D., ғылыми қызметкер, Назарбаев университеті жанындағы Кәсіпкерлікті зерттеу орталығы (www.nurce.kz) (Астана қ., Қазақстан, Электронды пошта: nurlykhan.aljanova@nu.edu.kz)

Ш. Юсафзай , Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебі, Қазақстан, Астана қ.

Ph.D., қауымдастырылған профессор, Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебі  (Астана қ., Қазақстан, Электронды пошта: shumaila.yousafzai@nu.edu.kz)

Е.М. Турганбаев , Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебі, Қазақстан, Астана қ.

Ph.D., Бас әкімшілік директор,  Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебі (Астана қ., Қазақстан, Электронды пошта: yerken.turganbayev@nu.edu.kz)

Жүктелулер

Как цитировать

Альджанова, Н., Юсафзай , Ш., & Турганбаев , Е. (2024). Көлеңкедегі кәсіпкерлік: Қазақстандағы мүгедектік пен кәсіпкерліктің қабысуы. ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы, 1(147), 168–181. https://doi.org/10.26577/jerba2024147114