ММС негізінде денсаулық сақтауды қаржыландырудағы қазақстандық моделінің тиімділігін арттыру мәселелерімен шешу жолдары
DOI:
https://doi.org/10.26577/be.2023.v146.i4.06Аннотация
Мақалада авторлар міндетті медициналық сақтандыру (ММС) мен бюджеттік қаржыландыру жүйесінің үйлесімі негізінде құрылған медициналық сақтандырудың қазақстандық үлгісінің өзектілігін негіздейді.Зерттеудің мақсаты – азаматтардың лайықты сападағы тегін медициналық көмекті алудағы негізгі мүдделі тұлғасы ретінде,оның ерекше рөлін көрсетуде мемлекеттік кепілдіктер бағдарламасын және міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушылардың жұмыс істеуінің механизмдерін (қаржылық және ұйымдастырушылық) жетілдіру үшін міндетті медициналық сақтандырудың тиімді дамуына кедергі келтіретін мәселелерді анықтау.
Бұл мәселені зерттеу үшін денсаулық сақтауды қаржыландырудың шетелдік үлгілерін, олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін талдауға, сондай-ақ Қазақстанмен салыстыруға мүмкіндік беретін эмпирикалық салыстырмалы әдіс таңдалды.Қазақстандағы міндетті медициналық сақтандыру жүйесінің қалыптасу және қызмет ету перспективаларын талдау үшін синтез және талдау сияқты классикалық әдістер қолданылды.
Алынған нәтижелер денсаулық сақтау саласын қаржыландырудың перспективті бағыттарын, ең алдымен, ММС жүйесін қаржылық және заңнамалық реттеуді шешу тұрғысынан қарастыруға мүмкіндік берді.Мақалада ММС енгізудің жалпы механизмі сызбалы түрде көрсетілген. Қазақстан Республикасындағы міндетті медициналық сақтандырудың қазіргі жағдайына және бірқатар көрсеткіштерді бағалау арқылы оның тиімділігіне талдау жасалған.Қазақстан Республикасындағы ММС жүйесінің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік беретін Қазақстан Республикасындағы ММС проблемаларының 3 типі: жалпы, қаржылық және ұйымдастырушылықанықталып және мәселелер атап өтілді.
Түйін сөздер: міндетті медициналық сақтандыру, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, қаржыландыру моделі, денсаулық сақтау.