Цифрлық экономикадағы мемлекеттік басқарудың тиімділігін бағалау әдістемесі

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/be.2023.v144.i2.09
        132 178

Аннотация

Осы мақаланың өзектілігі Қазақстан жағдайлары үшін мемлекеттік басқарудың тиімділігін бағалау критерийлерін жаңарту және оларды цифрлық экономикадағы үздік әлемдік тәжірибеге сәйкес келтіру қажеттілігіне байланысты. Осы мақаланың мақсаты Қазақстан Республикасындағы бағалау әдістемесінің жай-күйін, мемлекеттік секторды цифрландыру үрдісін, сарапшылардың пікірлерін және басқа да факторларды ескере отырып, мемлекеттік басқару тиімділігін бағалаудың авторлық әдістемесін әзірлеу болып табылады. Зерттеудің негізгі мәселесі – цифрландыру жағдайында Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқарудың тиімділігін бағалаудың неғұрлым объективті критерийлерін анықтау. Зерттеу пәні мемлекеттік басқарудың тиімділігін бағалаудың әдістемелік тәсілдерін талдау болып табылады. Зерттеу әдістемесі пәнаралық, аналитикалық және жүйелік тәсілдерге, сондай-ақ әдістерге негізделген: үстелдік зерттеулер, халықаралық ұйымдардың материалдарын талдау, Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық құжаттарын талдау, сараптамалық сауалнама деректері, тиімділікті бағалау әдістемесін модельдеу. стратегиялық талдауға негізделген мемлекеттік басқарудың (PEST-analysis). Зерттеу нәтижесінде келесі гипотезалар расталды: 1) халықаралық ұйымдар жүргізген Қазақстандағы мемлекеттік басқару тиімділігін бағалау нәтижелері мен мемлекеттік аппарат қызметін өзін-өзі бағалау нәтижелері арасында сәйкессіздік бар; 2) Қазақстанда мемлекеттік басқарудың тиімділігін бағалау әдістемесін жетілдіру қажет, өйткені қолданылатын бағалау әдістері мен бағалау нәтижелерінің объективтілігі арасында қайшылық бар. Зерттеу нәтижелері бойынша автор Қазақстан үшін цифрлық экономикадағы мемлекеттік басқарудың тиімділігін бағалау әдістемесін әзірлеп, негіздеді. Жұмыстың құндылығы цифрлық экономика жағдайында Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқарудың тиімділігін бағалаудың ғылыми тәсілдерін тереңдетуде. Зерттеудің практикалық маңыздылығы Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары қызметінің тиімділігін бағалау критерийлерінің объективтілігін арттыруда жатыр.

Түйiн сөздер: мемлекеттік басқару, тиімділік, цифрлық экономика, тиімділік критерийлері, тиімділікті бағалау әдістемесі

Жүктелулер

Как цитировать

Dauliyeva, G., & Yeraliyeva, A. (2023). Цифрлық экономикадағы мемлекеттік басқарудың тиімділігін бағалау әдістемесі. ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы, 144(2), 84–97. https://doi.org/10.26577/be.2023.v144.i2.09