Қазақстандағы көміртек салығы: экономикалық негіздемесі және еуропалық трансшекаралық көміртек салығының әсері
DOI:
https://doi.org/10.26577/BE.2023.V146.I4.05Аннотация
Жаһандық экономиканың декарбонизациясы Қазақстан экономикасының тұрақты өсуіне қауіп төндіреді. Қазақстанның экспортқа бағытталған өнеркәсіптері, әсіресе, еуропалық трансшекаралық көміртегін реттеу механизмін (CBAM) енгізгеннен кейін тәуекелге ұшырауы мүмкін. Сондықтан Қазақстанда көміртек салығын пайдалана отырып, экологиялық салық салуды енгізу қажеттілігі өзекті мәселе болып отыр. Зерттеу жұмысының басты мақсаты Қазақстанда көміртек салығын енгізу мүмкіндігін, атап айтқанда CBAM-ға жауап ретінде енгізу қажеттілігін жан-жақты зерттеу болды. Зерттеу көміртек салығының экономикалық негіздерін анықтауға, оның Қазақстан экономикасы үшін салдарын айқындауға бағытталған. Зерттеу мақсаттарына қол жеткізу үшін әдебиеттерге шолу жасалды, және салыстырмалы талдау жасауға мүмкіндік берген аралас тәсілдер қолданылды. Зерттеудің қазіргі уақыттағы өзектілігін Қазақстанның орнықтылығы мен экономикалық өсуін қамтамасыз ету қажеттілігі айқындайды. Мақалада Қазақстанда көміртегі салығын енгізудің ғылыми-теориялық негіздемесі зерделеніп, Еуропалық Одақтың CBAM саясатының Қазақстан экономикасына әлеуетті әсері айқындалып, осы бағытта белсенді саясат әрекетінің қажеттілігі атап көрсетілді. Сонымен қатар, мақалада халықаралық міндеттемелерді орындай отырып, орнықты экономикалық дамуға жол ашатын, ұлттық климаттық мақсаттарға сәйкес келетін көміртек салығын салу қажеттілігінің дәлелдемелері көрсетілген.
Түйін сөздер: көміртегі салығы, шекаралық көміртекті реттеу механизмі, экологиялық салық салу, экономикалық тұрақтылық, климаттық міндеттемелер.