Дюпон әдісі бойынша кәсіпорынның меншікті капиталының кірістілігін бағалау

Abstract, Introduction, Literature Review, Methodology, Results and discussions, Conclusion, References.

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/be.2023.v144.i2.05
        262 293

Аннотация

Мақалада Дюпон моделіне негізделген активтердің кірістілігін талдау принципі қарастырылады. Меншікті капиталдың кірістілігі модельді есептеудің үш негізгі формуласы негізінде сипатталған және талдауда қолданылған.

Зерттеу нысаны "Каспий мұнай" АҚ кәсіпорнының 2019-2021 жылдары дамуы болып табылады. Зерттеудің мақсаты-тиімділікті бағалау және кәсіпорынның факторлық талдауы. Осы мақсат пен міндеттерге қол жеткізу үшін көрсеткіштерді есептеу формулалары мен Дюпон әдісі қолданылды.

Меншікті капиталдың рентабельділігін талдау "Каспий мұнай" АҚ мысалында DuPont үш факторлы моделін пайдалана отырып және 2019-2021 жж. ашық жылдық есеп көрсеткіші негізінде талдау жүргізілді. Активтердің таза кірістілігінің өзгеруі үш фактордың арқасында анықталды, атап айтқанда таза кірістің артуы, активтер айналымының баяулауы және капитал құрылымының нашарлауы.

Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде ең маңызды және нақты коэффициенттердің бірі ROE (меншікті капиталдың кірістілігі) екендігі анықталды. Бұл акционерлердің қаражатын пайдаланудың тиімділігін көрсетеді, ал қарастырылып отырған кәсіпорын акционерлік қоғам болып табылады. Мұнай-газ кәсіпорынның рентабельділігінің факторлық талдауын қолдана отырып, авторлар таза кірістің, меншікті капиталдың және рентабельділіктің өсуі таза кірістің сол пайызға өзгеруіне сезімтал екенін көрсетті.

Түйін сөздер: рентабельділік, кәсіпорын тиімділігі, Дюпон моделі, ROE факторлық талдауы, таза пайда, меншікті капитал, қаржылық талдау

Жүктелулер

Как цитировать

Kishibayeva, B. S., & Jaxybekova, G. N. (2023). Дюпон әдісі бойынша кәсіпорынның меншікті капиталының кірістілігін бағалау: Abstract, Introduction, Literature Review, Methodology, Results and discussions, Conclusion, References. ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы, 144(2), 43–49. https://doi.org/10.26577/be.2023.v144.i2.05