Краудфандинг платформасы исламдық әлеуметтік қаржыны имплементациялау құралы ретінде
DOI:
https://doi.org/10.26577/be.2022.v141.i3.09Аннотация
Исламдық әлеуметтік қаржы кеңінен талқыланатын бағытқа айналуда, әлеуметтік қаржы
құралдары қоғамдағы кедейлік және аштықпен күресу үшін мың жылдан астам уақыт бойы
қолданылып келген. Сонымен қатар, қаржылық технологиялар жылдам дамып келе жатқан
маңызды инновациялардың бірі болып табылады, бұл ішінара ақпараттық технологиялар мен
қолайлы құқықтық реттеумен байланысты.
Ұсынылып отырған мақаланың мақсаты – исламдық әлеуметтік құралдарды қолдана отырып,
елдегі әлеуметтік мәселелерді шешудегі қаржылық технологиялардың рөлін зерттеу. Авторлар
зекет жинауға арналған краудфандинг платформасын енгізудің қаржылық көрсеткіштері
мен тиімділігін зерттеді. Қазіргі уақытта академиялық салада исламдық әлеуметтік қаржы
бағыты бойынша зерттеулер тапшылығы ұсынылып отырған мақаланың өзектілігін арттырады.
Мақалада теориялық аспектілермен қоса краудфандингтік платформаны жүзеге асыру бойынша
практикалық ұсыныстар берілген.
Зерттеу әдістемесі краудфандинг платформасының қаржылық жоспарын, ақша ағындарын,
кірістерді және қаржылық көрсеткіштерді есептеп бағалауға негізделген. Краудфандингті іске
асырудың реалистік және оптимистік сценарийі бойынша блокчейн технологиясына негізделген
және блокчейнсыз есептеу жүргізілген. Исламдық қаржыландырудың әлеуметтік құралдарының
тиімділігін бағалау нәтижесі краудфандингтік платформаны әзірлеудің әлеуметтік мәселелерді
еңсерудегі тиімділігін көрсетті. Атап айтқанда, авторлар халыққа атаулы әлеуметтік көмек
көрсету үшін жұмсалатын мемлекеттік ресурстарды үнемдеу арқылы пайда болатын әлеуметтік-
экономикалық тиімділікті зерттеді. Оған қоса, краудфандинг платформасын имплементациялау елдегі исламдық әлеуметтік қаржыны ілгерілету және қаржылық технологияларды дамыту жолы
болып табылатыны жөнінде болжам жасалды.
Түйін сөздер: исламдық әлеуметтік қаржы, зекет, краудфандинг платформасы, әлеуметтік
тиімділік, қаржылық технологиялар.