Fintech компаниялары: қызметтер таксономиясы және инновациялардың дамытуы («Кaspi bank» АҚ мысалы)

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/be.2023.v143.i1.09
        218 228

Аннотация

Қазақстан Республикасының қаржы секторы түбегейлі қайта құрудың алдында тұр. Инновациялық қызметтерді ұсыну үшін цифрлық технологияларды пайдалана отырып, активтерді басқару, несие беру немесе сақтандыру сияқты салаларда жаңа инновациялық әзірлемелер пайда болуда. Инвестициялардың өсуіне қарамастан, финтех компанияларының феноменінде теориялық идеялар өте аз. Осы уақытқа дейін финтек компанияларының ұсыныстары негізінен функционалдық тұрғыдан зерттелді. Функционалдық көзқарас финтех компанияларының ұсыныстарын толық түсіну үшін жеткіліксіз болғандықтан, функционалдық емес сипаттамалардың классификациясы ұсынылады. Сондықтан тұтынушыға бағытталған сектордағы FinTech компанияларының талдауы шектеулі. Осы зерттеуде ұсынылған таксономия перспективалармен, деректермен және кірістерді өндірумен ортақ өзара әрекеттесу арқылы құрылымдалған 11 өлшемді қамтиды. Осы негізде бұл таксономия финтех компаниялары туралы сипаттамалық білімге ықпал етеді, зерттеушілер мен практиктерге Қазақстандағы финтех стартаптары мен ұйымдарының қызметтерін құрылымдық түрде талдауға мүмкіндік береді. Бұл ретте инновациялық өнімдердің «Kaspi Bank» АҚ қызметіне және оның қаржылық нәтижелеріне әсері көрсетілген.

Жүктелулер

Как цитировать

Koshkarbayev, K. U., Birmagambetov, T. B., & Khazin, D. O. (2023). Fintech компаниялары: қызметтер таксономиясы және инновациялардың дамытуы («Кaspi bank» АҚ мысалы). ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы, 143(1), 111–122. https://doi.org/10.26577/be.2023.v143.i1.09