Өнеркәсіптік кәсіпорындардың коммуникацияларын басқарудың ұйымдастырушылық-экономикалық тетігі (Қазақстан Республикасының машина жасау саласы мысалында)
DOI:
https://doi.org/10.26577/be.2022.v140.i2.013Аннотация
Мақалада өнеркәсіптік машина жасау кәсіпорындарының коммуникацияларын басқарудың ұйымдық-экономикалық механизмін қалыптастыру және пайдалану мәселелері қарастырылады. Практикалық бөлім Қазақстанның машина жасау саласы мысалында қарастырылады. Жұмыстың мақсаты кәсіпорын коммуникацияларының және оларды басқарудың негізгі ерекшеліктерін, коммуникацияларды басқарудың ұйымдық-экономикалық механизмін құрудың негізгі принциптерін және оларды Қазақстандағы машина жасаудың нақты жағдайында қолдануды зерттеу болып табылады. Жұмыста Қазақстанның машина жасау өнеркәсібінің өнеркәсіптік кәсіпорындарының коммуникацияларын басқаруды ұйымдастырудың негізгі мәселелері айқындалып, кәсіпорындардың коммуникацияларын басқару жүйесін оңтайландыру мақсатында коммуникацияларды басқарудың ұйымдық-экономикалық механизмін құру қажеттілігі негізделеді. Бұл механизмнің негізгі құрамдас бөліктері және олардың өзара әрекеттесуі көрсетілген. Коммуникацияларды басқарудың ұйымдық-экономикалық механизмінің қызмет ету моделі ұсынылған. Қазіргі уақытта Қазақстандағы машина жасау саласы жұмысының ерекшеліктері қарастырылып, отандық машина жасау кәсіпорындарында коммуникацияларды басқарудың ұйымдық-экономикалық механизмін құру және жетілдіру қажеттілігі көрсетілген. Жұмысты қорытындылай келе, Қазақстанның машина жасау кәсіпорындарының коммуникацияларын басқарудың ұйымдық-экономикалық механизмін құру және жетілдіру процесінде міндетті түрде ескеру қажет негізгі ерекшеліктер келтірілді. Мақала менеджмент пен өндірістің күрделі құрылымы бар өнеркәсіптік кәсіпорындардағы коммуникацияларды басқару мәселелерін зерттейтін барлық зерттеушілерді қызықтырады. Түйін сөздер: Коммуникациялар, ақпараттық ағындар, коммуникацияларды басқару, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, ақпараттық қамтамасыз ету, машина жасау кәсіпорындары, ұйымдастыру-экономикалық механизм.