Орталық банк тәуелсіздігінің критериялары және инфляция
DOI:
https://doi.org/10.26577/be.2022.v139.i1.05Аннотация
Орталық банктердің тәуелсіздігі мен инфляцияның байланысы туралы көптеген зерттеулер
бар. Бірқатар авторлар орталық банктің тәуелсіздігі инфляцияның төмендеуіне ықпал ететін
олардың теріс байланысы бар деген қорытындыға келді. Бірақ басқа авторлар бұл тұжырымға
күмән келтірді. Осы зерттеуде инфляция қарқыны мен Орталық банктің тәуелсіздігі CWN
және GMT индекстерінің мәндері, сондай-ақ дамыған және посткеңестік елдер үшін олардың
құрамдас бөліктері арасындағы 2001-2020 жылдардағы теріс статистикалық байланыстың
болуы туралы гипотеза тексерілді. Эконометрикалық және корреляциялық талдау әдістері
CWN және GMT индекстерімен және олардың индекстерімен өлшенетін орталық банктер
тәуелсіздігінің дамыған және посткеңестік елдердегі инфляцияға статистикалық маңызды
теріс әсерінің жоқтығын анықтады. Графикалық талдау, содан кейін эконометрикалық талдау
дамыған және посткеңестік елдерде осы индекстер мен олардың құрамдас индекстері мен
жекелеген жылдардағы инфляция арасында теріс байланыстың жоқтығын көрсетті. Сонымен
қатар, кейбір жағдайларда, керісінше, олардың оң байланыстары анықталды. Сонымен бірге,
сандық бағалау негізінде Орталық банктің тәуелсіздігі мен инфляция арасындағы байланыс
төмендеген сайын әлсірейді деген қорытынды жасалды. Ол қосымша зерттеулер барысында
тексеруді және растауды талап етеді.
Түйін сөздер: Орталық банктің тәуелсіздігі, инфляция, CWN және GMT индекстері, дамыған
елдер, посткеңестік елдер.