Адами капитал мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық өсуінің басты көзі ретінде
DOI:
https://doi.org/10.26577/be.2022.v141.i3.11Аннотация
Постмодерндік қоғам дамуының қазіргі кезеңі білім беру, оқыту және адамның жалпы
мәдениетінің өсіп келе жатқан рөлімен сипатталады. Барлық елдердің экономикаларын
зерттеуге сүйене отырып, сарапшылар экономикалық өсудің тек 16%-ы физикалық капитал,
20%-ы табиғи және 64%-ы адами капитал есебінен қамтамасыз етілетінін анықтады. Дамыған
елдердің жетістігі олардың мемлекеттік саясат тұрғысынан адами капиталға деген көзқарасымен
анықталады. Бұрын қайтарылмайтын шығындар деп саналған әлеуметтік салаға инвестициялар
қазір елдің болашақ өркендеуіне инвестициялар ретінде қарастырылуда.
Мақаланың мақсаты – әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, елдің әлеуметтік-экономикалық
өсуі контексіндегі адами капиталдың рөлін және оның дамуындағы Covid-19 пандемиясының
салдарын анықтау.
Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан мұнай мен газ экспортын ұлғайту және өнімділікті
арттыру арқылы экономикалық табыстарға қол жеткізді. Алайда, соңғы жылдары біздің еліміз
бәсекеге қабілеттіліктің кейбір негізгі көрсеткіштері бойынша артта қалып отыр. Сонымен қатар,
COVID-19 пандемиясы Қазақстанның адами капиталды дамытудағы жетістіктеріне айтарлықтай
нұқсан келтірді. Автор дамыған елдердің адами капитал жүйесінің инвестициялық саясатын
зерттейді және ел экономикасының тұрақты өсуіне қол жеткізу үшін адами капиталды дамыту
жүйесін жаңғырту қажет деген қорытындыға келеді.
Мақаланы зерттеу саласы мәселені зерттеу және мақсаттар мен міндеттерді орындау
үшін пәнаралық тәсілдерді қолдануды қамтиды. Зерттеудің күрделілігін қамтамасыз ету үшін
экономикалық, статистикалық, жүйелік және салыстырмалы талдаудың тіркесімін пайдалану
ұсынылады.
Авторлар әлемдік тәжірибені талдай отырып, әлеуметтік-экономикалық өсудің негізгі
факторы ретінде елдің адами капиталын жақсарту мен дамыту жөнінде бірқатар ұсыныстар
жасады.
Жүргізілген зерттеудің құндылығы ахуалдың дамуының теріс сценарийлерінің басталуы
жағдайында адами капиталды басқару саласында шешімдер қабылдау үшін ғылыми-әдіснамалық
базаны әзірлеу кезінде, сондай-ақ Қазақстан өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық даму
саясатын, Қазақстанның орнықты даму стратегиясын әзірлеу кезінде оларды пайдалану
мүмкіндігінен тұрады.
Түйін сөздер: адами капитал, әлеуметтік-экономикалық даму, инвестиция, ұлттық құндылық,
даму стратегиясы.