Жібек жолының экономикалық белдеуі: Қазақстан үшін негізгі тәуекелдер мен мүмкіндіктер
DOI:
https://doi.org/10.26577/be.2022.v141.i3.08Аннотация
Мақалада Қытайдың «Жібек жолының экономикалық белдеуі» (ЖЖЭБ) атты жобасы
Қазақстан үшін негізгі тәуекелдер мен пайдалар тұрғысынан қарастырылады. Бұл аспектіде
Жаңа Жібек жолының сипаттамасы, «Бір белдеу, бір жол» тұжырымдамасын іске асыру үшін
республиканың әлеуетін пайдалану мүмкіндігі, ҚХР мен Еуразиялық экономикалық одақ
арасындағы ынтымақтастықты дамыту перспективалары қарастырылған. Зерттеу тақырыбының
өзектілігі Еуропаның азиялық нарықтарға шығуға қарқынды ұмтылуымен, ал Азияның
еуропалық нарыққа қызығушылық танытуымен анықталады. Ғылыми зерттеулердің мақсаты,
негізгі бағыттары мен идеялары – Қытайдың ЖЖЭБ жобасын жүзеге асыруда Қазақстан үшін
тәуекелдер мен мүмкіндіктерді белгілеу болып табылады. Зерттеу барысында Орталық Азия
елдері үшін Еуразиялық экономикалық одақ мен ЖЖЭБ ынтымақтастығы бүкіл Еуразиялық
аймақ үшін дамудың жаңа дәуірі болып қалыптасатыны анықталды. Ол экономикалық өсудің
факторы негізінде, ал Қытай үшін – экономикалық жағдайды жақсарту болып табылады. Сонымен
қатар, көлік әлеуетін одан әрі дамытуға және Қазақстанның логистикалық инфрақұрылымын
қалыптастыруға, мұнай мен газды өңдеуді дамытуға және химия өнеркәсібін құруға оң жағынан
үлкен әсер етеді.
Мақаланы дайындау барысында авторлар экономикалық және саяси ғылымның кең
әдістемелік құралдарын қолданды. Атап айтқанда, нормативтік талдау әдісі, индукция әдісі
және жүйелік талдау әдісі (экономикалық ғылым) қолданылды. Жоспарлық құру әдісі және
нормативтік-құндылық тәсілі – осы зерттеудің саяси құралдары.
Түйін сөздер: Ұлы Жібек жолы, «Бір белдеу, бір жол», Жібек жолының экономикалық белдеуі,
көліктік-логистикалық инфрақұрылым, мұнай мен газды өңдеу, химия өнеркәсібі.