Шығыс Қазақстан облысының экономикалық дамуын талдау

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/be.2022.v141.i3.02
        206 181

Аннотация

Мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі – тұтас елдің біркелкі дамуын қамтамасыз ету.
Бұған аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуын теңестіру арқылы қол жеткізуге
болады. Аймақтың экономикалық дамуын талдаудың мақсаты – аймақтың экономикалық даму
стратегиясының нұсқаларын әрі қарай негіздеу үшін аймақтың өзін-өзі дамытудың қолданыста бар
сәйкессіздіктері мен пайдаланылмайтын экономикалық әлеуетін анықтау. Қазақстан аймақтарын
интегралдық бағалаудың, Шығыс Қазақстан облысының экономикалық дамуын талдаудың басты
мақсаты – Қазақстанның әрбір өңірінің одан әрі орнықты экономикалық дамуының деңгейі мен
әлеуетті мүмкіндіктерін айқындау үшін қажеттілікті негіздеу және оны нығайту жолдарын іздеу
болып табылады. Экономикалық талдауда статистикалық көрсеткіштер жүйесін пайдалану,
диаграммалар мен трендтерді құру әдістері қолданылды. Қазақстан өңірлерінің экономикалық
әлеуетін және оның бәсекеге қабілеттілігін интегралдық бағалау мемлекеттік статистиканың
қорытынды деректеріне және экономикалық индикаторларға негізделді, өйткені олар өңірлер
бөлінісінде әртүрлі экономикалық аспектілердің кең спектрін қамтиды. Талдау бір жағынан,
аймақтың шаруашылық дамуындағы кешенділікті күшейту мүмкіндіктерін анықтауға, екінші
жағынан, еңбек, материалдық, табиғи және қаржы ресурстарын ұтымды пайдалануды негізге ала
отырып, оның нарықтық экономика жағдайында табысты жұмыс істеу жағдайларын бағалауға
бағытталған.
Түйін сөздер: аймақ экономикасы, экономикалық даму, статистикалық көрсеткіштер,
экономикалық мәселелер, жалпы өңірлік өнім, өнеркәсіп.

Жүктелулер

Как цитировать

Nuralina, K., Baizholova, R., & Abylkasimova, J. (2022). Шығыс Қазақстан облысының экономикалық дамуын талдау. ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы, 141(3), 12–22. https://doi.org/10.26577/be.2022.v141.i3.02